Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин «Ананың хаты»
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлют № 1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бектұрова Аяужан Қуанышпайқызы |
7-сынып
Қазақ әдебиеті орыс сыныптарында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың асыл туған азаматтарының бірі Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Өлеңді түсіне оқып, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау
Тәрбиелік: Оқушыларды аналарын сүюге, құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, С. Сейфуллин шығармашылығы бойынша кітап көрмесі, ИТ, презентация
Сабақтың эпиграфы: Ананың көңілі балада...
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: С. Сейфуллин қазақ поэзиясының талғампаз тұлғасы өмірі мен өнері аңызға айналған аяулы ақыны. Қазақ халқы үшін үш бәйтерек атап кеткен Сәкен, Ілияс, Бейімбет қазақ әдебиетінде айтулы ақын,қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан
Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары, еңбек адамдарының іс-әрекеттері өмірге деген құштарлықтары көрінеді.
Алаштың асыл туған азаматтары туралы аталар сөздері ешқашан өлмейді
Үшеуін ешкім білмейді,
Бөлуге дрстық көнбейді,
Шуағын сепкен еңбектің
Тұлғалар аты өлмейді.
Дегендей бүгінгі тоқталатын тақырыбымыз С. Сейфуллин. Осы ақын туралы, оның шығармашылығы туралы білімімізді тексеріп көрейік.
1. С. Сейфуллин кім?
2. Оның шын аты кім еді?
3. С. Сейфуллин қай жылдары өмір сүрді?
4. Оның қандай әйгілі шығармаларын білесіңдер?
5. Сәкен шығармаларында қандай тақырыптарды қозғады?
6. Алтыншы сыныпта ақынның қандай өлеңімен таныстыңдар?
«Дала» өлеңін 2 оқушы жатқа айтады.
Сыныпты үш топқа бөлемін
1. Қызығушылықты тудыру сатысы
Мұғалім сөзі: Өмірдегі ең жақын адамдарыңды атаңдаршы?
— Әке-шешем, әже-атам, бауырым.
— Неге шешең сенің ең жақын бауырың?
— Себебі ол мені дүниеге әкелді, өсіріп тәрбиеледі.
— Ендеше, ана деген сөзге анықтама берейік, (әр топ қағазға анықтама жазады, әр топтан 1 оқушы анықтаманы оқиды)
Осы анықтаманы қорытындылай келгенде, Ана-дүниедегі ең жақын, бәрінен ыстық, бәрінен қымбат, мейірімді асыл жан.
Мұғалім сөзі: Ана деген қастерлі ұғым. Ананың орын бұл дүниеде бөлек, Ананы барлығы барлық жерде құрметтейді, сыйлайды.
Ал, балалар бүгінгі таныстатын өлеңіміз ақынның «Ананың хаты» өлеңі.
— Осы өлеңді оқымас бұрын көз алдарыңа не елестейді? (Әр топқа кесте қағаз таратылады)
Не білеміз? |
Нені білгіміз келеді? |
Неге үйрендім? |
|
|
|
Түсінік сөздермен жұмыс істеу
Не қылдым? — не істедім?
Уәж — ақыл
Қалқам — балам
Қалжырадым- шаршадым
Ұлық-бастық
Гулеп желдей еседі- сен туралы айтады
Уайым-қайғы
Түсінік сөздермен танысқаннан соң өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. 2-3 оқушы мәнерлеп оқиды, әр топтан 1 оқушы не түсінгендерін айтып береді.
— Ал енді балалар кестеміздің 3 бағанын толтырып көрейік.
2. Мағынаны ажырату сатысы
I топқа тапсырма
Анасы кімге хат жазыпты және не деп жазыпты?
II топқа тапсырма
Анасының баласы туралы ойы баласына денен сағынышын қара сөзбен айтып беріңдер
III топқа тапсырма
Ананың көңіл-күйін сипаттап жазыңдар
IV топқа тапсырма
Өлеңдегі ананың көңіл-күйі туралы сурет салу.
3. Дыбыстар сөйлейді
А — ажарлы
Н — намыскер
А — адал
(Әр топ өз сөздерін жазады)
4. Ой толғаныс сатысы
I топқа сұрақ
— Ойланып көріңдерші, бүгінгі күні осындай оқиғалар кездесе ме? Шетелге оқуға кетіп келмей қалған балалар бар ма?
II топқа сұрақ
Ана махаббаты дегенді қалай түсінесіңдер?
III топқа сұрақ
Бұл өлеңнен қандай ой түйдіңдер? Жақсы, ақылды, тәрбиелі бала қандай болу керек?
IV топқа сұрақ
Осы өлең мазмұнына сәйкес ана туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
(Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.)
Осы өлең мазмұнына сәйкес ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың эпиграфына ораламыз:
«Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.»
Деген мақал осы өлең мазмұнына сәйкес келе ме, оқушылар өз ойларын айтады.
Эссе жазу «Ананың хаты»
Ананың орны бұл дүниеде бөлек. Себебі:
5. Сабақты бекіту
Сабақты мына кестені толтыру арқылы бекітемін. (әр топқа кесте таратылады)
Өлеңнің аты, авторы |
Тақырыбы |
Идеясы |
Негізгі кейіпкерлер |
Қандай нәтижеге келдім |
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттауға
2. «Менің анам» шағын шығарма жазып келу
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан топты мадақтап, бағалаймын.
- 11333 просмотра