9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақ жол жүру ережелері бойынша «Бағдаршаммен танысу»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Бустанова Гульнар Ибраевна воспитатель дошкольных групп, ІІ категория, стаж 24 года, КГКП «Ясли-сад №10 «Бал бұлақ» гуманитарно-эстетического и оздоровительного профиля», Казахстан, ВКО, г.Семей

Фото с сайта tokiv.ucoz.ru

Сабақ № 2

жол жүру ережелері бойынша

Өткізген: Бустанова Г. И.

Өткізу мерзімі: 05.10.18 ж.

Жас ерекшелігі: ІІ кіші топ

Тақырыбы: «Бағдаршаммен танысу».

Мақсаты: Балаларды бағдаршаммен, әр түстің міндеттерімен таныстыру. Балалардың бағдаршам туралы бар мәліметтерді анықтау.

Міндеттері:

БМ: Бағдаршам туралы, оның жұмысы туралы түсінік беру. Балалардың жол жүру ережелері туралы түсініктерін нақтылау.

ДМ: Байқағыштықтарын, тілдерің, ойлау қабілеттерін, байланысты тілдерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Көшеде қауіпсіздік мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын жетілдіру.

ТМ: Жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Құрал — жабдықтар: бағдаршам, далматинец ит ойыншығы, қатырма қағаздан жасалған қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер.

Сөздік жұмыс: абыржу — көңілсіз болу, бағдаршам.

Көптілдік компонент: бағдаршам — светофор — lights.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Валеологиялық сәті:

Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба жан досым!
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос!

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Сабақтың негізгі бөлігі.

Тәрбиеші: — Балалар, есікті біреу қағып тұрған сияқты (есік жаққа барып ашады).

Таңырқат сәті: ит ойыншықты алып көрсетеді.

Тәрбиеші: Бізге далматинец иті келді.Ол абыржып тұр және бірдемеден қорыққан сияқты.

Далматинец: — Мен көшеде біраз серуендеп алайын деп шыққам. Жолдың алдында үш көзді қорқынышты бірдеме тұр. Ол біресе бір көзін, біресе екінші көзін жыпылықтатып тұрды. Мен жолдан өте алмай тұрдым. Маған көмектесіңізші. Сендер жолдан қорықпай қалай өтетіндеріңді айтып беріңізші.

Тәрбиеші: — Түсінікті. Біз саған көмектесіп берейік. Біздің балалар көшеде жалғыз емес, ата-аналарыменен жүреді. Бірақ сен неден қорыққанынды мен білемін. Сен жолда мына затты көрдің бе? (бағдаршамның суретіне назар аудартады).

Далматинец: — Иә.

Тәрбиеші: — Бұл бағдаршам (сөздік жұмыс, көптілдік компонент: бағдаршам — светофор — lights).

Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әмәндә,
Ашса кезек үш көзін — Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Тәрбиеші: — Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтау керек, сары болса — дайындалу, жасыл жанса жүру керек. Бағдаршам адамдар мен көліктердің жолдағы, көшедегі қозғалыстарын реттеуге керек.

— Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз.

Қимылды ойын: «Бағдаршамның дабылдары»

Мақсаты: балалардың бағдаршамның нақты бір дабылына шағылысу іскерліктерін жетілдіру.

Балалар бір жаққа, тәрбиеші оларға қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші кезекпен қызыл, сары, жасыл дөңгелектерді көрсетеді. Балалар жанған қызыл дөңгелек көрсетілгенде — тоқтау, сары дөңгелекте — дайындалу, жасыл дөңгелекте — жүру керек.

Рефлексия.

— Балалар, біз бүгін немен таныстық?

— Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай?

— Қызыл (сары, жасыл) көзі жанса не істеу керек?