Сабақтың тақырыбы: Апта күндері
Нургали Карлыгаш Назымбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы, № 1 Ленинград орта мектебі |
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушыларға апта күндері туралы мағлұмат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.
- Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: оқушыларды уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойлау әдісі, әңгімелеу, аударма, жазба жұмыстары, ойын элементтері.
Көрнекі құралдар: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, үлестірме материал.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орысәдебиеті, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, математика, дінтану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
— Балалар, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.
— Сәлеметсіз бе! Денсаулық тілейміз!
Сөзұйқастарды атқызу:
Ла-ла-ла
Бүгін күн тамаша!
Ар-ар-ар
Келді қонақтар!
Ле-ле-ле
Сен сөйле!
Ет-ет-ет
Бәріне рақмет!
Ауызекі сөйлеу:
— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
— Бір жылда төрт мезгілі бар.
— Олар қандай?
— Олар:қыс, көктем, жаз, күз.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір күз мезгілі.
— Күз айлары қай айлар?
— Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
— Күз айлары туралы қандай тақпақты білеміз?
Сентябрь — Қыркүйек,
Көкөніс жүрміз тиеп.
Октябрь — Қазан,
Дала — тозаң.
Ноябрь — Қараша,
Ақ қара алаша.
— Күзде қандай өзгерістер болады?
— Күзде ауа райы салқын. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, түседі.Гүлдер солады. Күзде жиі жаңбыр жауады. Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Бау-бақшада жемістер мен көкөністер піседі.
ІІ. Сабағымызды мына фонетикалық тапсырмадан бастайық
Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.
Яблоко, шабдалы, малина, груша.
А П Т А
Қандай сөз шықты?
Апта (орыс, ағылшын тілдерінде айту)
Екі буынды сөз
Жуан сөз
А-жуан дауысты дыбыс
Апта апай туралы түсінік беру. (1 слайд)
Петропавл қаласында Апта деген апай турады екен. Оның жеті баласы бар екен. Барлығы № 1 Ленинград орта мектебінде оқиды. Әр баланың өз қызметі бар. Әр баланың әдемі есімі бар. Апта апайдың балаларымен танысайық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы Апта күндері (дни недели)
Апта күндерін орысша, ағылшынша айту.
1. Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Апта күндерін хормен айту.
2. Дәптерлерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашып,
Әдемі етіп жазайық. (апта күндерін ретімен жазу)
3. Апта апай өз балаларымен бізге қонаққа келді. Олардың бізге беретін сыйлықтары бар екен. Жақсы жауап үшін жетілері бар. Апта апайдың сұрақтарына жауап берейік
1. — Жеті саны қандай сан?
— Жеті саны — «киелі сан»
2. — Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Жеті қазына (7 сокровищ)
Жеті ата (7 поколений)
Жеті ырыс (7 изобилий)
— Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.
— Кемпірқосақтың жеті түсі бар.
3. Орыс әдебиетінен 7 санына байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?
— Семь раз примерь, один раз отрежь...
4. Аптаның бірінші баласын қарсы алайық (слайд)
Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі
Дүйсенбі ұлының грамматикалық тақырып бойынша тапсырмасы бар екен.
Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді? Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
«Араларды гүлдерге дұрыс қондыр» ойыны.
5-інші, 7-нші, 9-ыншы, 12-нші,10-ыншы, 16-ншы, 6-ншы
5. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі (слайд)
«Ханталапай» ойыны.
Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып.оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.
№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?
6. Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі (слайд)
Сәрсенбі-сәтті күн болып саналады (среда считается счастливым днем)
Сәтті күні қазақтар жолға шығады.
Сергіту сәті
7. Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі (слайд)
Оқулықпен жұмыс
119 бет, 2-тапсырма. Сандарды сөйлет.
Бір жылда 365 күн бар.
Бір жылда 12 ай бар.
Бір айда 4 апта бар.
Бір аптада 7 күн бар.
Бір тәулікте 24 сағат бар.
Бір сағатта 60 минут бар.
8. Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті
Жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті күн.
Осы күні күрделі жұмыс істемейді. Мұсылмандар мешітке барып, аруақтарға құран оқиды.
Осы аптада жұма күні Құрбан айт басталады. (Религиозный прздник)
9. Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі
Сөйлемдерді толықтыр.
Бүгін ... . Біз отбасымызбен ... барамыз. Сенбі күні ... күн.
Керекті сөздер: театрға, сенбі, жақсы.
10. Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі
Славян халқы үшін ерекше күн-қасиетті күн.
Жексенбі —демалыс күні. Демалып, мына сұрақтарға жауап береміз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Апта күндері.
Сәрсенбі қандай күн? Сәрсенбі-сәтті күн.
Жұма қандай күн? Жұма қасиетті күн.
Саған аптаның қай күні ұнайды? Неге?
Балалар, сендер бүгінгі күнге ризасыңдар ма?
Ризамыз, ризамыз
Бүгін күнге ризамыз!
№ 1
№ 2
№ 3
№ 4
№ 5
№ 6
№ 7
№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?
Апта-ананың жеті баласы (Семеро детей Матушки недели)
Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі
(Самый спокойный, умный сын Понедельник)
Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі
(Серьезный сын Вторник)
Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі
(Умница и Матушкина помощница Среда)
Сәрсенбі-сәтті күн (счастливый день)
Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі
(Ответственный сын Четверг)
Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті
(Младшая любимая дочка Пятница)
Жұма-қасиетті күн (святой день)
Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі
(Весельчак сын Суббота)
Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі
(Любящий отдыхать маленький сын Воскресенье)
- 64499 просмотров