Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы
Жұмабаева Гаухар Жұмабекқызы учитель казахского языка и литературы, стаж — 20 лет, первая категория, ГУ «Троицкая средняя школа», Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, село Троицкое |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен танысу септік жалғауларын қайталау, алған білімдерін нығайту, сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық: қазақ тілін үйренуде оқушыларға дұрыс бағыт—бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу,қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: топтық, мәтінмен жұмыс, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап
Технологиясы: модульдік технология, интерактивтік оқыту ақпараттық технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Көрнекілігі: ҚР картасы, суреттер, сызбалар, үлестірмелі қағаздар, Астана қаласының суреті
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
Грамматика: септік жалғауы
Пәнаралық байланыс: тарих, география, ән-күй
Сабаққа психологиялық дайындық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір қай ай?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
ІІ. Фонетикалық жаттығу
Хормен оқу.
Күн ғашық тұлғаңа
Құлпырған гүл қала,
Нұрсұлтан салдырға,
Ғажайып Нұр-қала
Ал, енді осы тақпақ қай қала туралы?
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Астана қаласы
ІІІ. Сабақтың ой қазығы
Астана — жас қала
Астана — бас қала
ІҮ. Балалар кім Астана туралы тақпақ біледі?
Оқушылар өздері білетін өлеңдерін айтып береді.
Ү. Қазақстанның астаналары болған қалалар (картамен жұмыс)
1. Орынбор
2. Қызылорда
3. Алматы
4. Ақмола
ҮІ. Жаңа сөздермен жұмыс
Тұрғын — житель
Орталық — центр
Ғимарат — здание
Қасиетті — священный
Танымастай — неузнаваемо
Ұлт өкілдері — представители наций
Болашақ — будущее
1. Мұғалім оқиды.
2. Хормен оқу.
3. Қазақша-орысша оқу.
4. Сөз тіркестері, сөйлемдер құрастыру.
ҮІІ. Суретпен жұмыс
Астана қаласының суреттері бойынша әңгімелеу.
ҮІІІ. Мәтінмен жұмыс
Астана
Қазақстан Республикасының бас қаласы — Астана. Ол Отанымыздың қасиетті жері-Сарыарқада, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ақмоланың негізі 1830 жылы Қараөткелдің жағасында қаланған.
1862 жылы оған қала мәртебесі берілді.1960 жылы Тың өлкесі құрылып, «Ақмола» орталық болды.1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы Қазақстанның бас қаласы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Астананың халықаралық тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның медалімен марапатталып, «Бейбітшілік қаласы» атанды
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар тізбектеп оқиды.
3. Мазмұндау.
Сұрақтарға жауап беру.
Тәуелсіз Қазақстанның астанасы қай қала?
Ол қайда орналасқан?
Астанада қандай ғимараттар бар?
ІХ. Грамматика
Септік жалғаулары түсінік беру.
Үлестірмелі материалдар арқылы тапсырмалар орындау.
1. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларың жазыңдар.
Мен кеше Астана қаласы... билет алдым. Қазақстан... астанасы- Астана қаласы. Астана... әдемі ғимарат... көп. Олар Думан... барды. Халық бұл қала... өте жақсы көреді. Астана қаласы Есіл өзені... бойы... орналасқан.
Кеше біз... үй... Астана... қонақтар келді. Бәйтерек... мақтан етеміз.
2. «Астана» , Қазақстан" «Бәйтерек» сөздерін септеу. (күй орындалады)
3. Берілген сөздердің септік жалғауларын анықтап, сұрақ қою.
Қалада, саябаққа, ғимаратпен, кешенді, тұрғындардың, өкілдер, ұлттан
Х. Сөзжұмбақ
1. Век
2. Мавзолей
3. Независимый
4. Народ
5. Реки
6. История
ХІ. Венн диаграма
Астана Алматы
ХІІ. Қорытынды
Ақ орданың суреті көрсетіледі.
Ақ ордада кім жұмыс істейді?
1-2 желтоқсанда Астанада не болады?
Астана мен Алматы қаласында қандай қысқы спорттық ойын өтеді, қалай аталады?
ХІІІ. Бағалау
ХІҮ. Үй тапсырмасы
Шағын эссе жазу «Болашақ қала»
- 7338 просмотров