Сабақтың тақырыбы: «Ата кәсіп — киіз үй»
Кенжахимова Гульмира Мухамедияновна, преподаватель казахского языка и литературы, первая квалификационная категория высшего уровня, КГУ «Рузаевский аграрно-технический колледж» акимата Северо-Казахстанской области МОН РК, район имени Г.Мусрепова, село Рузаевка |
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға қазақ халқының ата кәсіптері туралы кеңінен түсінік беру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілдерін, қазақша ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Қазақ халқының этнографиялық мәдениетін құрметтеуге сезімін тәрбиелеу. Оқушылардың кәсіп түрлеріне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: Үйлестірмелі қағаздар, киіз үйдің макеті, үйдің макеті, киіз үй жиһаздарының үлгілері көрсетілген слайд, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіңдер ме, оқушыларым. Сәлеметсіздер ме қонақтарымыз! Бүгінгі сабағымды мына алғысөзден бастағым келеді:
Алғысөз: (жаттықтыру)
— Әрбір сабақ? (мұғалім)
— Үйрену, ұғу, ұлағат. (оқушылар)
— Әрбір есім? (мұғалім)
— Тірлік, тірек, адамдық. (оқушылар)
— Әрбір сөзім? (мұғалім)
— Шындық, бірлік, адалдық. (оқушылар)
— Бүгінгі сабақтың мақсаты қазақ халқының ата кәсіптері туралы кеңінен түсінік бере отырып, топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Өлкетану саласындағы білімдеріңді пысықтау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Бірақ жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақарыптарды есімізге түсірейік. (Ұлттық тағамдар тақырыбы бойынша кластер толтыру)
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі:
— Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Ата кәсіп — киіз үй» деп аталады —
— Бүгінгі сабақта мынадай жаңа сөздермен кездесеміз:
ата кәсіп — народное ремесло
киіз үйдің сүйегі — основные костяки юрты
баспана — жылище
шеңбер — круг
мұра — наследство
абдыра, сандық — сундук
Мәтінді орыс тіліне аударыңдар:
Киіз үй — Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол көшіп-қонуға ыңғайлы. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үйдің негізгі сүйектері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Олар талдан, қайыңнан, теректен жасалады.
Қазақтың өмірінде киіз үйдің маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Қазақтар киіз үйдің ішін кілем, жібек, алаша, текемет сияқты тоқылған шимен әдемілеген.
Тапсырмаларды орындау арқылы киіз үйдің сүйектерін жинау (слайд бойынша):
1. Шаңырақ — Нақыл сөздерді дұрыс құрастыр
1) Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
2) Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп енеді.
2. Уық — Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады (сөйлемге синтаксистік талдау жаса)
3. Есік — Мына сөздерден сын есім тудырушы жұрнақ арқылы сын есімдерді жаса, сөз тіркестерін құрастыр: ұлт, аш, май, сүт, кәсіп, өнер, қанат.
4. Кереге — Сөзжұмбақ шеш:
Грамматикалық тапсырмалар:
Шаңырақ, уық, кереге — үйдің басты сүйектері — сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Сөзжұмбақ шешу:
1) Киіз үй сүйектерінің бірі. (шаңырақ)
2) Атаға баласының баласы кім болады. (немере)
3) Сүттен май алуға арналған ағаштан жасалған бұйым. (күбі)
4) Өмірге келген сәбидің төсегі. (бесік)
5) Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
6) Мал жүнінен тоқылған бұйым. (алаша)
7) Мал жүнінен бастырылған төсеніш. (текемет)
8) Бидайды ұнға айналдыратын тастан жасалған зат. (диірмен)
ІҮ. Қорытынды кезең:
1) Сонымен біздер киіз үй бойынша қандай мағлұмат алдық? (студенттер өздерінің білгендерін айтады)
2) «Киіз үй» тақырыбына байланысты диалог құрастыру
3) Венн диаграммасын толтыру:
«Киіз үй мен қазіргі үйдің айырмашылықтары мен ұқсастықтары» бойынша диаграмманы толтыру
Ү. Бағалау кезеңі: Оқушылардың қатысқанына қарай оларды бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі: Киіз үй, үй тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер.
- 20975 просмотров