Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем
Испаева Айна Еркебаевна, Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Педагогикалық өтілі: 17 жыл Жұмыс орны: № 1 Новоишим орта мектебі |
Қазақ тілі 8-сынып
Сабақтың мақсаты:
- «Атам мен әжем» мәтіннің мазмұнын айтап, талқылау.
- Оқушылардың ойлау, таным белсенділігін арттыру, пікір айта білуге үйрету.
- Тілдерді үйренуге, білуге талаптандыру.
Көрнекіліктер: плакат «Ұмытпа! Көп тіл білу құдайдың құдерінде емес, өзіңнің қолыңда».
Сабақтың әдісі: сөйлесу, пікірлесу, әңгіме құрастыру.
Сабақтың мақсаты: аралас
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту
IV. Сөздік жұмыс
Телефон шалу — звонить, Жаңалық — новость, Көріскенше — до встечи, Төлқұжат — документ, Құшақтау — обнимать, Есептелу — считаться
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
әжеге телефон шалу, әжені құшақтау, соңғы жаңалық, …..
4. Сөйлемдер құрау.
Мен теледидардан соңғы жаңалықты дадым.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
V. «Менің атам мен әжем» мәтіндерімен жұмыс
а) Мәтін бойынша «Даңалық ағашы» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
ә) Мәтін бойынша «шеңбер бойынша әңгімелеу» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәттіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.
VІ. Сергіту жаттығу
Менің әжем
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Адам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі-әжем.
(Қ. Мырза Әли)
VІІ. Оқулықпен жұмыс
(2-тапсырма, 6-бет)
Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Дайындыққа 4–5 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушының жауабын тыңдап, бағалау.
І топ: Аты кім? Кім неше жаста?
ІІ топ: Кім қай сыныпта оқиды?
ІІІ топ: Кім қайда тұрады?
Мысалы:
І топ: Менің атым-Айман. Мен бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы тудым. Он екі жастамын.
ІІ топ: Былтыр бесінші сыныпта оқыдым. Биыл алтыншы сыныпта оқып жүрмін. Келесі жылы жетінші сыныпта оқимын.
ІІІ топ: Мен алматы қаласы Абай даңғылы № 35 үйде, № 56 пәтерде тұрамын.
VІІІ. Диалог құрастыру
Оқулықта берілген диалогты оқып, жалғастырады (6-бет). Дайындыққа 7 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.
ІХ. Үйге тапсырма
Оқулықта берілген 7-беттегі 3-тапсырманы жазбаша орындау.
- 13611 просмотров