9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Кайкенова Әсемгүл Аманкелдіқызы,
Тайынша ауданы, Чкалов № 2 орта мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Кайкенова Ә.А.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлының өмірімен, шығармашылығымен танысу арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.

2. Дамытушылық: Әр оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, оқушылардың білімділігін арттыру, сөздік қорын байытып, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін ұлғайту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қасиетіне тәрбиелеу, өз Отанын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оларды бірлікке, адалдыққа баулу. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

Көрнекілік: Бауыржан Момышұлының портреті, жаңа сабақ бойынша оқушылармен дайындаған сөзжұмбақ суреттер, сабақтың модулі, таңдамалы шығармаларынан жасалған көрме, тірек схема.

Сабақтың түрі: проблемалы оқыту.

Стандарт бойынша берілген талап: тіл дамыту, таза, сауатты, сөйлеу.

Қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білу. Осы мақсатта оқушылардан білім деңгейлерінің ерекшеліктеріне қарай сұрау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастырушы бөлім.

2. Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру мақсатында диалог жүргіземін.

— Сәлеметсіздер ме, балалар?

— Ал балалар, сабағымды ҚР әнұранымен бастайық.

— Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны. Сабақты бастар алдында, оның не үшін соғысқаны туралы еске түсірейік. Әрине, Отан үшін. Тақтада жазылып тұрған сөздерге көңіл аударсаңдар. Бұл Бауыржанның сендерге айтып кеткен өсиеттерінің бірі. (Оны оқу және бұл жерде Отан туралы қысқаша мәлімет).

Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.

Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.

Балаларыма немере— шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды Сүйер Ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты болып өсіңдер!

Бауыржан Момышұлы

— Отан деген не? Ол белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс— қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол— халықтың өткені, бүгінгі келешегі. Ол өзінің өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез құлқы. Дүние жүзінде мемлекет пен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан балалар, Отансыз бақыт жоқ, бұл тамыр жайған жеріміз.Отан басына қиын жағдай туғанда жанын пида қылған адамдар да аз емес. Бүгін біз Сіздермен Отан үшін жанын аямай туған жері үшін елі үшін қан майдан соғыста ер азабын мейлінше көрген адам Бауыржан Момышұлының өмірбаянымен танысамыз.

Ең бірінші Отанды сүю ол патриотизмнен басталады.

Патриотизм дегеніміз — бұл Отанға деген сүйіспеншілік. Бұл патриотизмнің ең басты белгісі.Сондай патриот жауынгерлердің бірі— Бауыржан Момышұлы.

— Сонымен Бауыржан Момышұлы кім?

— Қазақстанның қандай Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерін білесіңдер?

А) Бұл жерде тақтаға *М* әрпін қоямын.

— Бұл әріп сендерге қандай ой туғызады? /ой салу стратегиясы/

— *М* әрпі бойынша кімдер естеріңе түседі?

— Әрине, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.

Ал ендеше біз қазір сендермен бірге Бауыржан Момышұлының өмірбаяны туралы баяндаманы тыңдайық. /Бұл жерде оқушының дайындап келген баяндамасын мұқият тыңдаймыз/

Б) Көрме бойынша мен шығармаларды атап көрсетемін.

Сұрақ— жауап әдісі:

— Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан?

Балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін.

— Ол қандай адам болған?

Ол әскери адам болған.

— Балаларына немере — шөберелеріне қандай тілек айтқан?

Отанды сүйер Ұлан болыңдар!

— Ол соғыс кезінде кімнің басшылығында болды?

Генерал И.В. Панфиловтың басшылығында 316— атқыштар дивизиясында болды. Ол полк командирі.

— Оның ерлігі туралы қандай орыс жазушысы жазды?

А. Бек «Волоколам тас жолы» повесін жазды.

— Отан туралы кім қандай мақал— мәтел біледі? (Отан туралы мақал— мәтел айтылады).

Балалар, Бауыржан Момышұлының қандай өлеңдерін білесіңдер? (Бауыржан Момышұлының өлеңдерін оқимыз).

Мейірімді

    Сен туғанда қуанды жұрт шалқыды,
    Ана жаны ұлым деді балқыды
    Ер болсын деп бата беріп аталар.
    Айтқан соны ән мен жыр да аңқыды.
    Сен өлгендежыласын жұрт, зарлап ел
    Төгілсін жас тамшыласын болып сел
    Қайтыс болды дүниеден бір сабаз
    Деп боздасын күңіреніп қара жер
    1940 жыл

Благородному

    Когда ты родился—  был славный радостный той.
    Аул наводнился весельемликующих, пляской, игрой...
    Так будь в своей жизни достойным великих трудов,
    С почтеньем и гордостью думай о мудрых сединах отцов.
    Чтоб в час, когда жизни дыханье покинет тебя —
    Весь род содрогнулся, в безмерной печали скорбя,
    Чтоб озеро слез он пролил по тебе. Чтоб ветрами пыля,
    Задохлась от стона протяжного черная — в горе — ЗЕМЛЯ

Туған жер

    Туған жерім мың бұлақ, арналы ақсай,
    Ішсем суы татиды шекер— балдай.
    Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
    Сенен артық жер шіркін өтер қандай
    Көк орай шалғын кең өлкем жерің дәнді,
    Жазың салқын,жайлауың малға жайлы,
    Сағынып алыс жерден келгенімде,
    Көзім тойып көркіңе, мейірім қанды.
    1942 жыл

— Бауыржанның өлеңдерінен басқа тағы несін білесіңдер?

Нақыл сөздерін айту

    Отан үшін отқа түс— күймейсің
    Жанын аямағанға жан сәуға.
    Отанда опасызға орын жоқ.
    Жұрт үшін аянба— жігіттігіңе сын.
    Адал ұл ер болып шықса— ел тірегі.
    Арсыздан айуан артық.
    Ерлік елеусіз қалмасын,
    Олжа елдікі— оған тимегін.
    Намысты нанға сатпа.
    Опасызда отан жоқ,
    Ел үшін аянба— ерлігіңе сын,
    Ежелден ел тілегі— ер тілегі.
    Ердің туы намыс.
    Ердің Еділ тобығынан келмейді.
    Атақ— ерге сауға, олжа— елге сауға.
    Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады.

— Енді біз бүгінгі сабағымыз бойынша сөзжұмбақ құрайық. (Балаларға уақыт беру).

Тірек сөздер: Отан, қаһарман, бейбітшілік

Сабақты қорыту:

— Отан дегеніміз не?

— Отан үшін күрескен жауынгерлерден кімді білесіңдер?

Бауыржан Момышұлының өмірбаянын тірек схема арқылы сұрақтар қойып, мазмұнын айту.

Енді балалар, қазір біз Бауыржан атамыздың батасын тыңдаймыз.

/Сабақтың соңында бір оқушы Бауыржан Момышұлының берген батасын оқиды/.

Үй жұмысы: «Туған жер» өлеңін жатқа айту.

Бата

    Иә, құдай! Тілегімді қабыл ет,
    Дозақтың отынан сақта,
    Қаңғыған оттан сақта,
    Парақор соттан сақта.
    Ұжымшар жеген бостандықтан сақта
    Нанды басқан кесірден сақта
    Мезгілсіз келген өлімнен сақта
    Ұятсыз қызыңнан сақта
    Қайырымсыз жегжаттан сақта
    Түнере атқан таңнан сақта
    Жаңбырсыз шаңнан сақта
    Еңбегіміз оңісті болсын,
    Қамбамыз астыққа толсын.
    Мыңғырған мал өріске толсын.
    Ағаш берсең, жемісті ғып бер,
    Тұлпар берсең, шабысты ғып бер.
    Жомарт болсаң, осы айтқандарымның
    бәрін үйіп— төгіп бір— ақ бер.

Журнал «Современный урок»

Категория: