Сабақтың тақырыбы: «Бітеу буын»
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылы «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Ломоносов арнайы (түзетү) мектеп-интернаты» КММ Нұрғасымова Әселзада Қабдолқызы |
5 — сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Бітеу буын
II. Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Буын түрлерін қайталай отырып, бітеу буынды түсіндіру, сөзді бітеу буынға бөлуді үйрету.
2. Дамытушылық: Еңбекті сүюге тәрбиелеу, оқушыларға қойылатын мақсат; әдемі сауатты жазуға шығармашылық сөйлем ойлауды талап ету.
3. Тәрбиелік: Оқушының ойлау қабілетін, сезімін сөзтізбек, жұмбақ ойын арқылы дамыту.
III. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметссіздер ме балалар!
Әнұранды орындап, сыныпты түгелдеу.
Сабақта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі? Бүгін қай күн?
Қазір қай жыл мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
IV. Оқушылардың сабақтамен мақсатымен таныстыру:
Біз бүгінгі сабақтың тақырыбы : Бітеу буындармен танысамыз.
1. Үй тапсырмасын тексеру:
— Үйге қандай тапсырма берілді?
(диалогты жаттау керек, жаңа сөздер, ереже)
(Екі оқушытақтаға шығып диалогты жатқа айтады)
— Енді, балалар, мен сендерге бір жұмбақты оқимын, кім осы жұмбақты тез шешеді?
Бірі айтылады да естіледі, екіншісі жазылады да, көрінеді?
(дыбыс пен әріп)
2. Жалпылама сұрақтар:
а) Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
б) Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (жуан және жіңішке)
в) Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Үш топқа: қатаң, ұяң, үнді)
«Кітап» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Кітап — 5 әріп, кі — тап — 2 буын, 1 — ащықбуын, 1 — бітеу буын, 3 — дауыссыз, 2 — дауысты.
К — дауыссыз, дыбыс,қатаң;
І — дауысты, дыбыс, жіңішке
Т — дауыссыз, дыбыс,қатаң;
А — дауысты, дыбыс, жуан
П — дауыссыз дыбыс, қатан
! — Өткен сабақтарда, балалар, біз қандай буындармен таныстық?
(Ашық — тұйық)
— Ал, буын қалай жасалады?
— (Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады)
— Ашық буын қалай жасалады?
(Ашық буын — дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған) Мысалы: ә — ке,а — та.
— Ал енді тұйық буын қалай жасалады?
Тұйық буын — дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған. Мысалы: ақ, он, ұл.
Мен сендерге буындарды көрсетемін, сендер қай буынға жататынын және буынын жалғастырыңдар: АҚ, ЖА, НА, ИТ.
Мақсат: !
Бүгінгі сабақтың тақырыбы : Бітеу буындармен танысамыз, сөзді бітеу буынға бөлуді үйренеміз, осы тақырыпқа байланысты бірнеше ойын жаттығулар орындаймыз.
Сөздермен жұмыс:
Бітеу — закрытый
Бітеу буын — закрытый слог
— Ал, енді мына таблицаға назар адарайық.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар, ал орыс тілінде — 2 түрі бар. Мына бітеу буындарға қарап, өздерің ереже шығарыңдар.
Бітеу буын қалай жасалады?
— Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған. Мысалы: мек — теп, дәп — тер
4. Сергіту сәті
Бет, ұл, жап
Неше, қол, ки күн,
Сана, көз, жеті, жаз.
1 — тапсырма. Балалар, күне, мына берілген сөздерді ашық , тұйық, бітеу буындарға бөліп киіз үйді ішіне жазыңдар: Апа, ұл, ит, әке,ала, бала, ат, мектеп, ән, аз, дәптер, жоқ, бор, әже, кел.
2 — тапсырма. Осы сөздерді буынға бөліп оқып, буын түрлерін ажырату.
б а
Пар — та
Парта, орындық үстел, аң, бор, алмұрт, кісі, тас, ас, бас, үкі, қасық, күндер, жолдас, үш,жаңалық, екінші, қайық, жазда, ине, арба, мазмұн, қалың, алма.
3 — тапсырма. Кәне, балалар мынау сөздерді қазақ тіліне аударып,сөзтізбек кім шешеді?
Лиса, лев, рыба, слон, тигр.
т | ү | л | к | і | а | р | ы | с | т | а | н |
б | а | л | ы | к | п | і | л |
ж | о | л | б | а | р | ы | с |
! Кітаппен жұмыс (6 — бет ) Диалогты оқып, аударамыз.
V. Сабақтың қорытындысы
Балалар, сонымен сабақта не үйрендік?
Үйге тапсырма беру кезеңі. 6 — б, № 1диалогті оқып, жаңа сөздер, ереже.
VI. Оқушыларды бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер:
4. Т.М. Артыкова, Ж.Н. Қыстаубаева, Н.Ж. Сагирова. Қазақ тілі, дидактические материалы, Алматы — кітап, 2010 ж, Атамұра 2005ж.
5. А. Қайырбекова, Б. Бағысбаева. Қазақ тілі, әдістемелік.
6. О.И. Мурзагельдинова. Изучаем казахский язык (Оқу құралы), — Алматы,2000ж.
- 23397 просмотров