Сабақтың тақырыбы: «Болашақ» бағдарламасы
Солтүстік Қазақстан облысы |
Сабақтың мақсаты:
«Болашақ» бағдарламасы туралы мәлімет алу, қазақ тілінде ақпаратты жеткізе білу. Жай сөйлемнің түрлерін ажырата білу.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме!
Бүгін жұмыс парақшаларында жұмыс істейсіңдер
Жалпы модуль тақырыбы қандай? Қандай тақырыпта әңгімелестік?
— Оқу еңбек аясы. Мына тақырыпты қарастырған ретімен орналастырып, әрқайсысына жай сөйлем құрастырыңдар.
— «Мен математика-жаратылыстану бағытында оқимын».
— «Мамандық таңдау»
— «Жоғарғы оқу орындарында оқимын»
— «Астана қаласының жоғарғы оқу орындары»
— «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»
Енді алдарыңда жатқан қағаздарға назар аударыңдар. Қазір ортаға әріптері бар оқушылар шығады, кім қалды сол орнынан берілген сөзге тақырыпқа қатысты сөйлем ойластырып айтады, ойлануға уақыт жоқ.
Б О Л А Ш А Қ «»
3 әріптен тұратын сөз: бол
4 әріптен тұратын сөз: бала
5 әріптен тұратын сөз: шолақ
7 әріптен тұратын сөз: болашақ
Енді болашақ сөзін тырнақшаға алсақ алсақ бүгінгі сабақ тақырыбын анықтаймыз: — «Болашақ». Қалай ойлайсыңдар тақырыптың сіздер үшін маңызы қандай?
Бұл біздің мақсатымыз, бірлесе жұмыс істеу арқылы бұл тордан шығу жолын қарастырайық, ол үшін әркім мақсатына жету жолын айтады қалай? не арқылы? Мен сендерге көмектесемін.
Жақсы. Қағаздағы номер ретімен жұпатсып, орындарыңа отырыңдар. Бүгінгі сабақтың жетістік критерий қандай?
Тақырып бойынша сөйлемдер құрастыра білу
Тапсырмаларды қатесіз орындау
Рефлексия жасау
Сонымен сабағымызды бастамас бұрын ұйымдастыруға назар аударайық, біріншіден, жұмыс парақшаларымен еңбектенеміз. Алдарыңда түсті қағазда рефлексия жасау парақшасы бар. Жұмыс барысында қиын болған тапсырмаларды белгілейсіңдер. Бағалау парақшада берілген.
Бейне таспа көрсетіледі. Қай топ көбірек мәлімет айтады, қазақ тілінде.
Бейнетаспаны көріп, мәлімет толтыр
Бағдарлама атауы |
|
Енгізілген жылы |
|
Қанша студент білім алды? |
|
Қандай мамандар қажет? |
|
Стратегиялық шешімді кім қабылдады? |
|
Түлектерді біріктіру мақсатында не құрылды? |
|
Қандай жобалар қажет? |
|
Жобаны қалай қолдайды? |
|
Мәтінмен жұмыс, түсініксіз сөздермен жұмыс.
Жартысын ақ топ, екінші жартысын қызыл топ. Бір—біріне сұрақ қояды.
Жұптар ауысады, бір—біріне түсіндіреді. Толық мәтін талдайды, сұрақ құрастырады. Стиккерді тақтаға іледі.
Қазақша видео. Қосымша материал.
Жазбаша: сызба бойынша сөйлем құрастыру.
«Клоуз» тест орындау. Жетіспейтін сөзді үш тілде айту керек.
Қорытынды: Сұрақтарға жауап беру. Тақтадағы мәтінмен жұмыс барысындағы стикермен ілінген сұрақтарға жеке-жеке шығып жауап береді.
Бағалау. Жұмыс парағында берілген критерийлер бойынша бағалайды.
Күнделіктеріңді ашыңдар: «Мен „Болашақ“ стипендиясына үміткермін» тақырыбына ой-толғау жазу
Рефлексия жасау
- 10905 просмотров