9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Дастарқан басында. Септіктерді қайталау

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Кустаева Тамара Сергеевна учитель казахского языка и литературы Дубровинская средняя школа, Мамлютский район СКО

Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту, оқушылардың білімдерін тиянақтап, бағалау.

2. Дамытушылық. Балалардың таным қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.

3. Тәрбиелік. Дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу, білетінін дәлелдей білуге, дастарқан басында әдептілікті сақтауға үйрету, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: слайдтар, тапсырма парақтары

Әдіс-тәсілдері: слайдтар бойынша тапсырмаларды орындау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу.

2. Септіктер туралы слайдтарды қарау.

3. Септіктерді қайталау кестесін толтыру

Септіктер

4. Жаңа сабақ. Дастарқан басында

• Жұмбақты шешу

Алға жайып тұз дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны.
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды.
Бұл не? (дастарқан)

• Сөздік жұмысы: сөздерді аударып жазу. «Тағам» сөзінің мағынасын ашу. Синонимдерін жазу.

Еда, продукты, молочные продукты, мясные блюда, мучные изделия, национальные блюда, относятся, готовят, варят, приятного аппетита, меню. «Тағам, мәзір» сөздерін септеу.

• Шағын мәтінді сауатты және әдемі жазу.

Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы. Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы — қарта, жал — жая, қымыз — шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

• «Дастархан басында сақталатын ырым — тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

5. Қорытынды жасау. Бүгін не білдіңдер?

Дастарханнан аттауға болмайды. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды. Бұл сөйлемдер нені білдіреді?

6. Үйге берілетін тапсырма

Тақырып бойынша сөздікті білу, ас туралы екі үш сөйлем құру, диалог немесе шағын әңгіме дайындау.

Категория: