9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: «Интернеттен, ақпарат іздеу»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Бекбосунова Алия Толеуовна учитель информатики КГУ «Общеобразовательной средней школы № 8» ст. Актогай Аягозского района ВКО

Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету

А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру
Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану

Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру
 ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау.
 ІІІ. Жаңа білімді игеру
 IV. Бұл кімнің сөзі?…
 V. Сергіту кезеңі-«Кім жылдам» ойыны
 VІ. Электронды оқулықпен жұмыс
 VІІ. «Ішіне-сыртына» стратегиясы
 VІІІ. Бекіту: тест тапсырмасы, бағалау
 І Х. Х. Үйге тапсырма беру. Қорыту

І. Салеметсіздер ме балалар, отырыңдар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Бүгін біздің сабағымыз ерекше болып өтейін деп тұр. Ашық сабаққа дайын болсақ, сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау

Интернет серверлері.

  1.  Интернет дегеніміз нені білдіреді?
  2.  Интернетте неше негізгі хаттама қолданылады?
  3.  World Wide Web дегеніміз не?
  4.  Интернет серверлері дегеніміз не?
  5.  Электрондық почта….
  6.  IP-адрес дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа білімді игеру

Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет — миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search) бар.

httpss:\\www.google.com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
httpss:\\www.yahoo.comYahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
httpss:\\www.aport.ruАпорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
httpss:\\www.yandex.ruЯндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
httpss:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері

httpss:\\www.site.kz — «Весь WWW-Казахстан» — Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
httpss://tabu.nursat.kz — TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
httpss://akolya.hypermart.net — қазақ тіліндегі, ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

IV. Бұл кімнің сөзі?…

ІІ. «Интернет-жаңа білім негізі»

І-деңгей

  1.  WEB құжаттармен жұмыс
  2.  ҰБТ-ға байланысты, ақпараттар іздеу
  3.  Ізделінген нәтижені өз компьютеріңіз  ге жүктеу
  4.  «ҰБТ туралы мәлімет» деген атпен сақтау

ІІ-деңгей

  1. Іздеу жүйесін жүкте
  2. www.google.kz сайтын үй беті ретінде сақтап қой
  3. Ақпараттық технологялар туралы мәлімет ізде
  4. Мәліметті оқып, танысып, өз компьютерінде сызба дайында
  5. Жұмыс нәтижесін «11сынып» қапшығында сақта

V. Сергіту кезеңі-«Кім жылдам» ойыны

VІ. Электронды оқулықпен жұмыс

VІІ. «Ішіне-сыртына» стратегиясы

VІІІ. Бекіту: тест тапсырмасы, бағалау

ІХ. Х. Үйге тапсырма беру. Қорыту

Категория: