Сабақтың тақырыбы: Қала көшелері
Валеева Дамели Рамазановна, учитель казахского языка и литературы, вторая квалификационная категория высшего уровня, КГУ «Первый городской общеобразовательный лицей», г. Петропавловск, СКО |
Білімділік: «Қала көшелері» туралы алған білімдерін бекіту, көмекші есімдерді, сын есімдерді сөйлеу барысында дұрыс қолданып әңгімелеу білу.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ —жауап, әңгімелеу, аудару.
Жұмыс түрі: топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, фотосуреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, психологиялық дайындық.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздерме! — деп
Сәлемдесіп аламыз.
Шаттық шеңберге шақыру
Мектебім, армысың!
Сені жақсы көремін!
Достарым менің бармысың,
Құшақтасып алайық!
2. Сұрақ-жауап арқылы тіл дамыту
— Бүгін ақпанның нешесі?
— Бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін ауа райы қандай?
— Қазір қай жыл мезгілі?
II. Үй жұмысын тексеру
Балалар, бүгін сабақта «Қала көшелері» тақырыбы бойынша сөздік диктант жүргіземіз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар. Берілетін сөздер: бағдаршам, аялдама, мектеп,үй, ағаш, қасында,мектептің алдында, үйдің артында
3. Оқушылардың дайындап әкелген қысқаша мәліметтерін слайд көру арқылы тыңдау. Мынау-менің үйім. Менің үйім Жабаев көшесінде. Үйдің алдында дүкен бар. Үйдің қасында саябақ бар. Үйдің артында мектеп бар.
III. Топпен жұмыс
Сыныпты екі топқа бөлу.
I топ «Достық көшесі».
II топ «Абай көшесі».
1-тапсырма. Қазір екі топқа мәтін беріледі. Мәтін бойынша алдарыңдағы суреттер арқылы постер құрастырып, әңгімелеп бересіңдер
1-топ Мынау — Достық көшесі . Достық көшесі кең,ұзын. Көшеде ағаштар, бағдаршамдар,үйлер,аялдама, автобус бар. Аялдамада автобус тұр.
2-топ. Мынау — Абай көшесі. Абай көшесі ұзын, тар. Көшеде ағаштар, бағдаршам, үйлер, аялдамалар, машиналар бар. Үйдің артында дүкен бар.Аялдамада әже тұр.
IV. Сұрақ-жауап
Оқушылар берілген мәтін арқылы бір-біріне сұрақ қояды.
1. Мынау қандай көше?
2. Көшеде нелер бар?
3. Көшеде бағдаршам бар ма?
4. Аялдамада кім тұр?
V. Сергіту сәті
Жақсы, балалар сәл демалып алдық енді келесі тапсырманы орындайық. Қазір біз сендермен бірлесіп сөзжұмбақ шешеміз.
Сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай болды?
— Бағдаршам
— Ендеше бүгінгі сабағымызды бағдаршам арқылы бағалайсыңдар.
VI. Сабақты қорыту
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымызда жақсы жұмыс жасадыңдар, ал қазір сабағымызды қорытайық.
1.Сен қай көшеде тұрасың?
2.Біздің мектеп қай көшеде?
3.Мектептің қасында не бар?
4.Мектептің алдында нелер бар?
VII. Рефлексия. Бағалау
- 15296 просмотров