Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Сөйлем
Испаева Айна Еркебаевна, Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Педагогикалық өтілі: 17 жыл Жұмыс орны: № 1 Новоишим орта мектебі |
Модуль. Туған жерім — мақтанышым.
Сабақтың мақсаты:
- «Қазақстан» мәтінін түсініп оқып, жалғастыру.
- Сөйлемге түсінік беріп, ажырата үйрету.
- Оқу, оқығанды түсініп жалғастыру, қосымша мәлімет айту арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту, жай сөйлемді ажырата біліп, ережесін есіңе сақтау.
- Өз туған елі, жері туралы білімдерін кеңейтіп, сүйіспеншілік сезім тудыру.
Көрнекілік: Қазақстан картасы. Сөйлемдер, сандар жазылған плакаттар. Таблица.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі. Жаңа материалды үйрену.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны:
Қазақ жері — ата-бабам бесігі,
Орман, дала, аса байлық несібең
Жыр-маржанның, сөз асылын арнаймын
Туған жерім мақтанышым өзімнің.
І. Ұйымдастыру кезені
1.Лексикалық сәті. 227 — жаттығу. 17 бет. Өлең «Қазақстан». Мәнін түсініп мәнерлеп оқу.
Қазақсатан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ. Аманжолов)
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 11 бет. Мәтін «Қазақстан» түсініп оқу
Сөздік жұмысы. 2.1.3. — тапсырма. 12 бет.
Жеке жұмыс: «Қазақстан» сөзін септеу, тәуелдеу.
ІІІ. Жаңа тақырып. Плакатпен жұмыс. (грамматикалық жұмыс)
Қазақстан. Менің туып-өскен жерім. Тамаша ел! Қазақстан қай құрлықтағы ең үлкен мемлекеттердің бірі?
1. Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл сөйлемдердің өзгешілігі бар ма? Нені білдіреді? Қалай айтылады? Бұл сөйлемдерді қандай сөйлем дейміз?
2. таблицамен жұмыс. 12–13 бет. Ережені оқып, есте сақтау.
3. Бекіту: 2.1.5. — тапсырма. 13 бет. Берілген материалдан жай сөйлемдерді теріп жазыңдар.
2.1.6.-тапсырма. 13 бет. Көп нүктенің орнына қажетті баяндауышты тауп жазып, сөйлемді аяқтаңдар. Қандай интонациямен айтылады? Неше сөзден тұрады?
2. Қазақстан (мәтінмен жұмыс)
А) Мәтінді түсініп оқып, жалғастыру.
Ә) Парталас достарыңмен сөйлесу 2.1.2. -тапсырма. 12 бет.
Б) 2.1.1. — тапсырма. 12 бет. Еліміз туралы қосымша мәлімет айтыңыз. Өз сөздеріңді төмендегі үлгілермен бастаңдар. (ауызша).
2.1.10.- тапсырма. 14 бет. Сызба бойынша әңгімелендер.
3.Сандарды сөйлет. 1 желтоқсан 1991 ж; 16 желтоқсан 1991 ж; 4 маусым 1992 ж; 15 қараша 1993 жыл.
Үй жұмысы:
- Ереже 12–13 бет. Жаттау.
- «Туған жер» шағын шығарма.
- 2.2.7. — тапсырма. 17 бет. (жеке жұмыс) жаттау.
- 7917 просмотров