Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері
Петропавл қаласы «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінің I санатты қазақ тілі мұғалімі Ислямова Шайзат Қабешқызы |
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Қазақстанның жері жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, жазық, ойпат жерлерін айқындау;
- Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ой — өрісін кеңейту;
- Тәрбиелік: оқушылардың білім алуға құштарлығын, ізденімпаздығын қалыптастыру;
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас».
Сабақ түрі: топтық жұмыс
Сабақ әдісі: сұрақ — жауап, талдау, карта және мәтінмен жұмыс.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау;
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Деңгейлер бойынша сұрақтар:
III деңгей — ҚР шекарасының ұзындығы (картадан көрсету)
II деңгей — ҚР шектес мемлекеттер (картадан көрсету)
I деңгей — ҚР ірі мемлекет екенін дәлелдеу;
III. Сабақтың оқу — тәрбие мақсаттарын және жоспарын хабарлау
Міндеті:
- Түсінік деңгейлерін арттыру;
- Тірек сызбасын түсіндіру;
- Төрт сөйлеу әрекетін іске асыру, жаңа мәлімет беру;
IV. Мәтінмен жұмыс: мәтінді тыңдау, түсінгендерін тексеру
Қазақстан жері.
Қазақстанның жер бедері алуан түрлі. Онда жазықтар, биіктігі орташа және биік таулы аудандар кездеседі. Ойпатты жерлеріне жататындар: Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы. Жазық жерлер еліміздің көп бөлігін алып жатыр. Көтеріңкі биік жерлерінде қыраттар мен үстірттер: Бетпақ Дала, Жалпы Сырт орналасқан. Ұлан — байтақ жеріміздің 40 пайызы — өзен, көл, теңіз, ал 10 пайызы таулы жер. Еліміздің жер көлемінің үлкендігі, бедері алуан түрлілігі Қазақстан жерінің ерекшелігі.
Мәтінге арналған сөздік:
Бедер — рельеф
Алуан — множество
Ұлан — байтақ — обширная
Қырат — возвышенность
Жазық — равнина
Ойпат — низменность
1) Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қазақстанның жер бедері қандай?
- Еліміздің жері қандай?
- Қандай ойпаттар, қыраттар орналасқан?
2) Сөздік жұмыс:
- жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгеру;
- жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
- сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;
3) Сөйлесу: мәтін бойынша бір — біріне сұрақ қою;
4) Оқу:
- мәтінді оқыту;
- не түсінгендерін тірек — сызба бойынша айтқызу;
5) Жазу: бір — біріне диктант жазғызу;
6) Бос орындарды толтырыңыз:
Менің туған жерім Сенің _________ Сіздің ___________ Оның ___________ |
Біздің ____________ Сендердің _________ Сіздердің _________ Олардың __________ |
V. Сабақты пысықтау:
Жаңа тақырып мәтіннен кейінгі сұрақтар арқылы бекітіледі
VI. Сабақ қорытындысы: Диктантты бағалау
- 19481 просмотр