Сабақтың тақырыбы: Көктем айлары
Кузентаева Сандугаш Жумабековна, учитель казахского языка и литературы, вторая квалификационная категория высшего уровня, КГУ «Средняя школа № 10 им. Н. К. Крупской», СКО, г. Петропавловск |
Білімділік мақсаты: Оқушылармен көктем мезгілінің айлары жөнінде әңгіме жүргізу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Фонетикалық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімі мен сабақта белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, ұйымшылдық, ізденушілік қасиеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз өлкесін, Отанымызды сүюге баулу, табиғат байлықтарын, қоршаған ортаны қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқу, әңгімелеу, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Көктем мезгілін суреттейтін слайдтар, тірек сөздер, ватман, үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіздер ме, балалар!
— Бүгін сыныпта кім кезекші?
— Бүгін сыныпта кім жоқ?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс айлары қандай?
— Қазір қай ай?
— Бүгін нешесі?
— Аптаның қай күні?
— Бүгін ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І-деңгей. «Наурыз мерекесі» тақырыбына диалог құрастыру.
ІІ-деңгей. «Наурыз жыл басы» туралы әңгімелеу.
ІІІ-деңгей. Наурыз өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Мұғалім сөзі: Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз Көктем айлары. Біз сендермен бір жылда төрт жыл мезгілі бар екенін білеміз.
Кім маған жыл мезгілдерін атап береді?
Қазір қай жыл мезгілі?
Бір күннен кейін қандай жыл мезгілі басталады?
Көктем айларын білесіңдер ме? Кім атап береді?
ІҮ. Жаңа сөздермен жұмыс
қар ериді — тает снег
сай — овраг
бұзылады — ломаются
жан бітеді — оживают
гүл жарады — расцветает
бәйшешек — подснежник
1. Мұғалім сөздерді оқиды.
2. Оқушылар хормен оқиды.
3. 1т. қатты, 2 т. ақырын, 3т. сыбырлап оқиды.
4. Буынға бөліп оқиды.
5. Сай, бәйшешек, бұзылады сөздерінің буын түрлерін ажырату.
6. Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.
Ү. Мәтінмен жұмыс
Көктем айлары
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурызда күн мен түн теңеледі.Күн жылына бастайды, қар ериді, сайларға су толады. Өзен көлдердің мұздары бұзылады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Сәуірде аңдар мен жәндіктерге жан бітеді. Көк шығады. Бәйшешек гүл жарады. Адамдар жеңіл киімдерін киеді.
1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
2. Балалар тізбектеп оқиды.
3. Өз сөздерімен аударады.
4. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауабын алады.
Топпен жұмыс
1-тапсырма.
1-топ. Көктем айларындағы ауа райы туралы әңгімелеу.
2-топ. Көктем табиғаты туралы әңгімелеу.
3-топ. Көктем мерекелері туралы әңгімелеу.
2-тапсырма.
Фонетикалық талдау жасаңдар.
1-топ. наурыз
2-топ. сәуір
3-топ. мамыр
3-тапсырма.
1-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
1. Көктем...
2. Күн...
3. Қар...
4. Құстар...
5. Адамдар...
Керекті сөздер: ұшып келеді, жылынды, ериді, келді, киеді
2-топ. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Көктем айлары қандай?
Қай айда қар ери бастайды?
Нелер жылы жақтан ұшып келеді?
Көктемде қандай мерекелер бар?
3-топ. Сөйлемдердегі қателерді түзетіп жазыңдар.
Көктемде күн суық болады.
Қар жауады.
Құстар ұшып кетеді.
Ағаштың жапырақтары сары.
4-тапсырма. Берілген әріптерден сөздер жасаңдар.
К |
А |
Ғ |
С |
У |
Ө |
Қ |
Ұ |
С |
Т |
К |
А |
Ш |
А |
Е |
Т |
А |
Р |
Й |
М |
5-тапсырма.
Ой қозғау.
«Көктем айлары» тақырыбына өз ойларын ватманға түсіріп, әңгімелеу. Пікір алмасу.
Бір-бірін бағалау.
Сабақты бекіту. Тест жұмысы
Бірінің — жұмысын бірі тексереді. Жауабы тақтада болады.
Үйге. Көктем айлары туралы әңгімелеу.
- 15136 просмотров