Сабақтың тақырыбы: Күз
Частное учереждение средняя школа в честь прп. С. Радонежского учитель казахского языка: Токушева Тарбия Сарыбаевна |
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: «Күз» тақырыбына байланысты атауларды саналы түрде білу, жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы білу, сөз тіркесерін жасау, тіл дамыту;
Дамытушылық: сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру;үлгі бойынша сөйлесуге әрекет жасау;
Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, табиғатты аялап, қорғауға баулу;
Сабақтың әдісі: кластер, сұрақ — жауап, кесте, 5 жол, өлең, ассоциялық карта.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
Ә) кезекшімен сұхбат
II. Қызығушылықты ояту
— Балалар, сабағымызды бастамас бұрын мына өлең жолдарына көңіл бөлейік:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ал, балалар, айтыңдаршы,
Бұлд қай кезде болады?
(Ш. Ахметов)
— Күзде. Дұрыс айтасыңдар.
III. Қорытынды сабақ. Сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
I — топ «Қыркүйек»
II — топ «Қазан»
III — «Қараша»
1 тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу.
2 тапсырма: «Күзгі жапырақ» — жапырақтардың сыртында сөздер жазылған, Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру; әр топқа 2 жапырақтан беріледі.
Жапырақтрдағы сөздер: жаңбыр, көкөністер, киім, жемістер, жапырақ, айлары.
3 тапсырма: сөйлемдерді толықтырыңдар:
1. Күз ... .
2. Күз айлар:... .
3. Күзде ауа райы ... болады.
4. Құстар жылы жаққа ... кетеді.
5. Аспанды ... қаптайды.
6. Жапырақтар ...жерге ... .
4 тапсырма: аударыңдар: осень, прохладно, дождь, люди, одежда, месяц, сентябрь, октябрь, ноябрь, зонт, желтеют.
5 тапсырма: Толықтырыңдар:
1. Жемістер: ...,...,
2. Көкөністер: ..., ...,
3. Жидектер: ..., ...,
Қорытынды: (сайыстағы алған бағалар)
«Қараша» тобы — 28 ұпай
«Қазан» тобы — 25 ұпай
«Қыркүйек» — 22 ұрпай
IV. Мұғалімнің қорытынды сөзі
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы
Приложение к уроку
- 7895 просмотров