9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев (1893—1938)

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Петропавл қаласы «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінің I санатты қазақ тілі мұғалімі Ислямова Шайзат Қабешқызы Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой — өрісін арттыру; сөздік қорын молайту; мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу; оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

Сабақ түрі: Жеделдетіп оқыту технологиясы.

Білім, білік, дағдыларды жедел меңгеру көзделеді: оның жеке тұлғаға бағытталуы басым жүреді, оқу әрекеттері басқа оқушыларға қарағанда күрделендіріліп, қайталау, жаттау жұмыстары артады;

Сабақ әдісі: сөйлеу (оқу, жазу, айту, сөйлеу,тыңдау), коммуникативтік қарым — қатынас тілін меңгерту, іздеу, табу, анықтау, салыстыру, қорыту, жаттау, әңгімелеу;

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, кітап көрмесі, Мағжан туралы пікірлер, үлестірме қағаздар, бейнетаспа.

Міндеті:

1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй жұмысын тексеру
3. Фонетикалық жаттығу
4. Жаңа сабақ
5. Сөздік жұмысы
6. Сабақты бекіту
7. Қорытындылау

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау;

2. Үй тапсырмасын тексеру:

— Жүсіпбек Аймауытов кім?
— Романның оқиғалары қай кезеңді қамтиды?
— Ауыл тіршілігін Қартқожаның ішкі монологы арқылы беру шеберлігін айтып бер.
— Қартқожа кім?
— Құрмағамбет бидің сөзінен нені аңғаруға болады?
— Халық әділетсіздікке көнді ме?
— Неге кітапты оқитын кісі табылмады?
— Халық кітапты не істеді?
— Кітапты өртеу мен мәселе шешілді ме?

3. Жаңа сабақ

— Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
— М. Жұмабаевтың аудармасы. Лермонтов нұсқасымен салыстыра оқытуды талап ету;
— М. Жұмабаевтың «Тұтқын» өлеңін жан — жақты талдауы қажет. Өлеңді талдау барысында берілген тапсырмалар жүйесі:

I. 1) Өлеңді мәнерлеп оқу.
2) Өлеңде тұтқын арманы қалай берілген?
3) Абактыда жатқан тұтқынның тұлпар — ат туралы армандау себебі не?
Ақын абакты сипатын қандай жолдар арқылы берген?
Өлеңді көркемдегіш құралдарды табыңдар.

II. Аударма талданып болған соң, техникалық құрал арқылы Лермонтов нұсқасы көрсетіледі:

«Упкин»  «Тұтқын»
(Лермонтов)  (Лермонтовтан)

Лермонтов нұсқасы да бірнеше қайтара дауыстап, мәнерлеп оқылады.

Салыстыру үшін берілетін сұрақ — тапсырмалар:

1. Өлеңдер неше шумақтан тұрады?
2. Өлеңдердің жеке шумақ бойынша орысша — қазақша нұсқасын даралап оқыту.
3. Мағжан аудармасында Лермонтов нұсқасымен дәлме — дәл келетін сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді анықтау;

Шығармалар салыстырмалы түрде талданып болған соң, оқушыларға проблемалық сипаттағы сұрақтар қойылады, тапсырмалар беріледі:

1. М. Жұмабаев Лермонтов шығармасын қандай аударма тәсілімен аударған (дәл әлде ерікті)?
2. Жауаптарын мысалдар арқылы дәлеледету.
3. Мағжанның аударма саласындағы шеберлігін тұжырымдау.

Оқушылардың еңбегін тиімді ұйымдастыру үшін Лермонтов нұсқасын әр оқушыға немесе әр партаға парақ түрінде тарату да артық болмайды.

Екі шығарманы салыстыра талдау барысында Мағжанның бойындағы, ақындық қабілетіндегі тың қасиеттерді танып білуге жол ашылады.

Ол — Мағжанның орыс тілін жетік білуі және орыс тіліндегі сөздердің де орынды, жүйелі пайдалана алу шеберлігі.

М. Жұмабаевтың әділетсіздікке, арамдыққа, қиянатқа қарсы сөйлеп, улы қару түрінде жазған бірнеше өлеңдері бар: «Қазақ азаматы», «Көк теке», «Төбет», «Бір биге», «Дәрігер», «Көңіл» және «Ескендірдің екі мүйізі».

«Ескендірдің екі мүйізі» шығармасын оқып талдамас бұрын, өлең кейіпкері Ескендір туралы іздену тапсырмасы беріледі.

1. Ескендір кім деп ойлайсыңдар? Ол тарихта болған ба? Болса, тарихта орны қандай?
2. Ескендір туралы бұрын — соңды шығармалармен таныстыңдар ма?
3. Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып танысыңдар.

Сабақ осы сұрақ — тапсырмаларға оқушылардың дайындығын көрсетуден басталады. Оқушылар жауабын тыңдағаннан кейін Мағжанның шығармасы талданады.

Талдау үлгісі:

I. 1. Шығарманың мазмұны бойынша бірнеше бөлімге бөліп, мәнерлеп дауыстап оқыту;
2. Әр бөлімге ат қойыңдар.
3. Оқушылардың қабылдау деңгейіне қарай мазмұнын айтқызу.

II. Сұрақтар арқылы ой бөлісу.

1. Ескендір қандай адам болған?
2. Ескендірдің басынан дулығасын шешпеу себебі неліктен?
3. Оның бойындағы қос мүйізді алғаш рет кім көрді? Бұл ерекшелік оған қалай әсер етті?
4. Ескендір шашатаразға қандай шарт қояды?
5. Шаштараз неге дарға асылды?
6. Өлеңдегі қосалқы кейіпкерлер туралы не айтуға болады?
7. Өлең қандай үлгіде жазылған деп ойлайсыңдар?

III. 1. Шығармадағы кейіпкерлерге сипаттама жазыңдар:

Шаштараз —
Қамыс —
Жел —
Ескендір —

2. Оқиға қалай аяқталды?Ақынның өлеңдегі ұсынған идеясы туралы қандай тұжырым жасауға болады?

3. Өлеңнің басындағы шумақ пен соңғы шумақтың қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?

IV. Өздігінен іздену тапсырмасы:

1. Адамгершілік (сырға беріктік) туралы мақал — мәтелдер, нақыл сөздер, жинақтар пайдаланыңдыр.

2. Төмендегі тақырыптар бойынша ой толғау, шығарма жазыңдар.«Сырыңа, құрбым, берік бол», «Ұстамдылық, беріктік — жақсы қаситет».

3. «Лермонтов және қазақ әдебиеті» тақырыбына реферат дайындаңдар.

М. Жұмабаев — сан қырлы ақын жолында жас ақынның махаббат, сұлулық туралы ойлары да оқшау дараланып көрінеді: Ж. Аймауытов сөзімен айтқанда: «Мағжан — сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жаспен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне у себеді«.

Оқушылардың бойында эстетикалық сезім ояту мақсатында ақынның «Сен сұлу» өлеңі бойынша жазылған әнді тыңдату да өзіндік рөл атқарады.

Мағжан атаған сұлулықты талдап «Сен сұлу» деп кімді бағалайтыны салыстыра дәлелденеді.

М.Жұмабаевтың шығармашылығы толық қарастырылып, талданып болған соң, оқушылардың білімі тест әдісімен тексеріледі.

Тест үлгісі:

1. Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеге келген?

а) 1894 ж. в) 1893 ж. с) 1895 ж.

2. Мағжан неше жасында атасынан бата алды?

а) 4 в) 5 с) 3

3. Мағжанның әкесі қандай қызмет істеді?

а) ауылнай в) болыс с) аға сұлтан

4. Мағжанның анасының есімін көрсет.

а) Зейнеп в) Гүлсім с) Гүлбаһрам

5. Мағжанның алғашқы ұстазы кім болды?

а) Ғалымжан Ибрагимов
в) Мұхамеджан Бегімов
с) Ахиетден Аханов

6. Мағжан неше жасынан бастап сауатын ашты?

а) 5 в) 4 с) 3

7. «Тұтқын» өлеңін кімнен аударды?

а) Байрон в) Пушкин с) Лермонтов

8. Мағжанның поэмасын көрсет (дастан ).

а) «Сен сұлу»
в) «Ескендірдің екі мүйізі»
с) «Батыр Баян»

9. М.Жұмабаев қай жерде дүниеге келген?

а) Көкшетауда
в) Солтүстік Қазақстан облысында
с) Қарағанды облысында

Бағалау

Үйге тапсырма: «Мен жастарға сенемін!» өлеңін жаттау (хр. 53 бет)

Категория: