Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Частное учереждение средняя школа в честь прп. С. Радонежского учитель казахского языка: Токушева Тарбия Сарыбаевна |
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
2. Дамытутлық: Шәкірттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастырп, дамытутылық қасиеттерін жетілдеру.
3. Тәрбиелік: «Алтын қақпа» ойыны арқылы оқушылардың мектебін сүйіп, білім мен оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Б) Сөйлесу
В) Үй тапсырмасын тексеру
2. Жана сабақ
— Балалар, бүгінгі «Мектеп өмірі» деген тақырыпты «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп, әр қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңізді көрсетесіздер. Ол үшін алдымен «Темір қақпа» тапсырмаларын орындаймыз.
1 топ
1. Берілген сөздердің қазақша аудармасын таба отырып, сөзжұмбақты шешу
1. Урок
2. Язык
3. Учитель
4. Книга
5. Школа
6. ?
2 топ
1. Берілген сөздердің қазақша аудармасын таба отырып, сөзжұмбақты шешу.
1. Пять
2. Нравится
3. Рыба
4. Отдых, выходной
5. Звонок
6. ?
2. Бес жол өлең құрастыр:
1 топқа «мектеп»
1. Мектеп.
2. Үлкен, жаңа.
3. Тәрбиелейді, оқытады, үйретеді
4. Мектеп—біздің екінші үйіміз
5. Білім.
2. Бес жол өлең құрастыр:
2 топқа «оқушы»
1. Оқушы.
2. Білімді.
3. Оқиды, тыңдайды,айтады.
4. Оқушы мектепте білім алады
5. Шәкірт.
2. Күміс қақпа.
1. Үзінді оқып, аудар (суретке қарап)
1 топқа: Бұл біздің мектеп.Мектеп қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі жеке меншік орта мектеп. Мектеп Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан. Мектеп ғимараты әдемі, ауласы таза, көп ағаш, гүлдер өседі.
2. Күміс қақпа.
1. Үзінді оқып, аудар (суретке қарап)
2 топқа: Біздің мектеп екі қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика, информатика, тарих, ағылшын тілі, асхана, спортзал, кітапхана бар. Бұл кітапхана. Мұнда өте көп қызық кітаптар, оқулықтар бар. Бұл біздің кітапханышы — Наталья Александровна.
2. Адасқан сөздердін орнын тап:
1 топ:
1) Мектептің іші ... (соғылды)
2) Қоңырау...(сыныпқа)
3) Балалар... кірді(жарық, кең)
2. Адасқан сөздердін орнын тап:
2 топ:
1) Мектептің ауласы...(арап тілінен)
2) Біз мектепке...(таза,үлкен)
3) «Мектеп деген сөз... шыққан (түсте келеміз)
3. Алтын қақпа
1 топ. Жіктік жалғауын
Қойып оқы(сурет)
Мұғалім, сынып, қалам, асхана
2 топ. Көптік жалғауын қойып оқы
Кітап, мектеп, оқушы, дәптер.
Сөйлемдегі сөздерді орнына қой:
1 топ. Оқимыз, биыл, біз, жаңа, мектепте. Жарық, үлкен сыныптары, мектептің
2 топ. Таныстырды, мұғалім, бізді, жаңа, сабақпен. Бар, кабинеттері, компьютер, мектепте.
Сабақты қорытындылау
«Мектеп» туралы не білесің?
(Күн шұғыласына білетініңді жаз)
- 15852 просмотра