Сабақтың тақырыбы: Мен табиғаттың бөлшегімін
Кишкентаева В.Е., Шал ақын ауданы Жалтыр негізгі мектебініњ мектепалды сыныбыныњ тғрбиешісі. |
Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.
Міндеттері:
- «Табиғат», «Денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- Табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін дамыту;
- Салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, дәптер, түсті бояулар.
Шаттық шеңбері
(Балалар шеңбер болып отырады). — Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер бүгін сондай әдемісіңдер. Ендеше, менің соңымнан мына сөздерді қайталаңдар.
- Қуан,шаттан,алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң,қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!
Әңгімелесу. Ой қозғау.
Тәрбиеші: — Балалар,табиғат дегеніміз не? «Табиғат» деген сөзді естігенде не ойлайсың-дар?
Бала: Табиғат-әдемі, ғажап. Ол ағаштар.
Бала: Табиғат деген-тау, су.
Бала: Табиғат деген-аңдар, құстар.
Бала: Табиғат деген-өсімдіктер.
Слайд
Балалар табиғат жайлы айтқан кезде экраннан рет-ретімен табиғаттың көріністері шығып отырады.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар адамдар табиғаттың бөлшегі бола алады ма? Балалардың ой-пікірі тыңдалады.
Тәрбиеші: Мен сендерге «Табиғаттың бөлшегі» атты әңгіме оқып берейін. (Балалар жер ге жайғасып отырады)
— Әңгіме сендерге ұнады ма? \ұнады\
— Данияр қандай бала болды? \денсаулығы нашар, жиі ауыратын бала\
— Неліктен Даниярдың денсаулығы түзеле бастады? \табиғат дүниесін жақсы көргеннен, сұлулыққа ынтық болғаннан\
— Данияр өзін неге табиғат бөлшегі деп санады? \балалардың ойы\
— Дұрыс айтасыңдар,балалар! Адам-табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың тазалығына, көр-кейіп-гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып,аялауға,сақтауға адам жауапты. Адам мен та-биғат үндестікте өмір сүреді. Ендеше, мына экрандағы табиғат суретіне адам бейнесін де енгізейік. \интерактивті тақтада табиғат бейнесі, табиғатта адам бейнесі шығады\
Өзіммен-өзім
\Әуен жүріп тұрады\
— Қане, балалар, денемізді бос ұстап, терең тыныстап өзімізді табиғат аясында жүргенімізді елестетейік. Өзіміздің табиғат бөлшегі ретінде жасаған жақсылығымызды ойлайық. \Әуен тоқтағаннан кейін\
— Ал,балалар, көзімізді ашамыз. Ойымызды жинақтаймыз.
Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. \балалар табиғатқа жасаған жақсы-лықтары жайлы ойын айтады\
Дәйексөз
— Балалар, «Саулық қайда болса,сұлулық сонда» деген мақал бар. Осы мақалды бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде аламыз. Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? \балалар өз ойларын айтады\
— Иә, балалар, табиғатты аялап, қорғасаң, оның сыйларын үнемді пайдалансаң, күн тәртібін, тазалықты дұрыс сақтасаң, салауатты өмір сүрсең денің сау болады.
Дәптермен жұмыс
\Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі\
— Мына суретке назар аударыңдаршы. Бұн — дай суреттер алдарыңдағы дәптерлеріңде де бар. Егер осы суреттердің бірінші әріптерін ортадағы әріптермен қосып оқысаңдар, табиғат бөлшегін табасыңдар. Ал,бірінші табиғат бөлшегін кім табады?
Баянсұлу: — Алманың суретінен «А» әрпін ортадағы «У» әрпіне,содан айдың суретінен «А» әрпін қосамыз.Табиғаттың бір бөлшегі «Ауа» болады.
Тәрбиеші: Өте жақсы.Ендеше суреттеріңді бояңдар.\Осылайша бірнеше табиғат бөлшегін атап,суреттерді бояйды\
Тәрбиеші: — Сонымен табиғат бөлшектері не болды?
Балалар: — Ауа, су, күн, гүл…
Ойын: «Иә, жоқ»
Тәрбиеші: — Ал,енді «Иә, жоқ»ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қойып отырамын. Сендер оған «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп отырасыңдар. Тек «иә» дегенде қолымыз ды соғамыз. Ал, «жоқ» дегенде аяғымызды тарсылдатамыз.
Тәрбиеші: — Күн, ауа, су бәрімізге керек пе?
Балалар: — Иә, иә, иә. \қол соғады\
Тәрбиеші: — Күн жылу бермейді.
Балалар: — Жоқ, жоқ, жоқ. \аяқтарын тарсылдатады\
Тәрбиеші: — Ауа тыныс алу үшін бе?
Балалар: — Иә, иә, иә. \қолдарын соғады\
Тәрбиеші: — Ауаның таза болуы маңызды емес.
Балалар: — Жоқ, жоқ, жоқ. \аяқтарын тарсылдатады\
Тәрбиеші: — Ауаны, суды ластауға болады ма?
Балалар: — Жоқ, жоқ, жоқ.\аяқтарын тарсылдатады\
Тәрбиеші: — Адам табиғаттың бөлшегі ме?
Балалар: — Иә, иә, иә.\қолдарын соғады\
Ғажайып сөздер
Тәрбиеші: — Балалар,бүгін сабақта қандай ғажайып сөздер естідік?
Балалар: — Адам-табиғаттың бөлшегі. Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.
Қорытындылау
— Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Табиғатпен үндестікте өмір сүру керек екенін үйрендік.
Жүректен жүрекке
— Қане, «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрайық. Балалар, мен бүгінгі сабағымыздың та-қырыбына байланысты мынадай эмблема ойлап салдым \экраннан да көрсетіледі\. Осы эмблеманы сендерге сыйлағым келіп тұр. Ал, бір эмблеманы топтағы қасиетті ағашы-мызға апарып ілейік. Бұл сендердің табиғат бөлшегі екендеріңді, оны әрқашан қорғап жүру керек екндеріңді білдіреді. Ендеше, эмблемаларыңды алып, менімен бірге қайталап айтыңдар.
- Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық. Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық.
Пайдалынған әдебиет:
- «Өзін-өзі тану» № 1 — 2010 ж.
- Мектепалды сыныбының әдістемелік құралы
- 21844 просмотра