Сабақтың тақырыбы: Отаным — алтын бесігім
Шопанаева Күлжан Зейнішқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маманы, «Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей» КММ, СҚО, Петропавл қаласы |
Қазақ тілі: 7-сынып.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Фонетика.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: «Менің отбасым», «Фонетика» тақырыптары бойынша білімдерін толықтырып, пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.Ой өрісін, танымдық қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік: Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес, практикум сабақ.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:ой қозғау стратегиясы, талдау, жинақтау,сатылай кешенді талдау, жаңғырту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек-сызбалар, компьютер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.а) амандасу; ә) түгендеу;
2.Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі-өз тілім-ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
— Міне, құрметті лицеистер, кемеңгер, ғұлама ақындардың тілі- қазақ тілі сабағы тілдер фестивалі аясында өткелі отыр.Сендер білесіңдер, 22-қыркүйек ҚР халықтарының тілдері күні. Яғни, Қазақстанда тұратын кезкелген халықтың ана тілі күні.Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Ана тілі —халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Қазақстанда тіл туралы Заңның шыққанына жиырма жыл.
3. Сұрақ-жауап
— Заң бойынша ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай тіл?
— Әр халықтың өз қандай тілі бар?
— ҚР-да ресми тіл қандай тіл?
— Мемлекеттік нышандардың бірі не?
Слайд.
орыс тілі
ана тілі
қазақ тілі
гимн
Отан сөзі пайда болды. Отан дегеніміз не?
Қазақстан егеменді, тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан жерінде тұратын барлық халықтардың Отаны — Қазақстан Республикасы.
Отан туралы мақал-мәтелдерді есімізге түсірейік. Кіші Отан, Ұлы Отан туралы айту.
ІІ. Сабақтың тақырыбын жазу
ҚР-да қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Қазақ тіл білімі бар. Енді қазақ тіл білімі салаларын есімізге түсірейік.
Слайд.
ІІІ.Мақсат қою кезеңі
Сабағымыз практикум сабақ.Сондықтан сабағымыздың мақсаты: фонетика саласы бойынша алған білімдерімізді қайталап, іс-тәжірибеде пысықтау.
Сабақ әртүрлі кезеңдерден тұрады, ал кезеңдер қортындылауға арналған әр түрлі тапсырмалардан тұрады.
Бағалау қағаздарын үлестіру.
ІV.Лексикалық жаттығу
Анықтама оқылады, ал оқушылар жауапты бір сөзбен жазады.
Фонетика, әліпби, әріп, дыбыс, буын, екпін, үндестік заңы.
Слайд бойынша жауаптар тексеріледі.
V. «Сандарға тіл бітсе» Берілген сандарды сөйлету
— Әліпби дегеніміз не?
— Әріп дегеніміз не?
Слайд. 42, 37, 25, 12, 11, 9, 8, 7.
VІ. «Дұрыс па, бұрыс па?»
Берілген сөздердің буынға дұрыс бөлінуін тексеріп, дәлелдеу.
— Буын дегеніміз не?
— Буынның неше түрі бар?
- у, й, ң үнді дыбыстары сөздің ортасында келгенде сөз буынға қалай бөлінеді?
Слайд. Нағ-а-шы, ту-ыс, бау-ыр-ым, отбас-ым-да, бос-аға, а-та-ма, әк-ем-нің, ағ-аң, не-мер-есі, шөб-ере, туғ-ан;
VІІ. Блиц сұрақтар
— Дыбыс дегеніміз не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Ненің қатысына қарай бөлінеді?
— Тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
— Жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?
— Еріннің қатысына қарай қандай болады?
— Дауыссыздар нешеге бөлінеді? Ненің қатысына қарай бөлінеді?
— Ұяң дауыссыздар неден тұрады?
— Қатаң дауыссыздар неден тұрады?
— Үнді дауыссыздар неден тұрады?
«Туған жер» сөз тіркесіндегі дыбыстарға ауызша фонетикалық талдау жасау. Бұл сөз тіркесіне синонимдер келтіру.
VІІІ. «Дұрыс оқы»
Берілген сөздерді екпін ережесін сақтай отырып, дұрыс оқу.
— Екпін дегеніміз не?
— Қазақ тілінде екпін қандай? Қай буынға түседі?
— Қандай жағдайларда соңғы буынға екпін түспейді?
Немересің, барма, барамын, зейнеткерлер, қарындасым, оқушысың, туыспыз, айтпа, жазба, тату-тәтті.
ІХ.Оқулықпен жұмыс
9 бет. ІІІ деңгей. 1-тапсырма.
Х.Фонетикалық талдау
Берілген мәтіннің үзіндісін оқу, аудару, асты сызылған сөздерге талдау жасау. Бірін-бірі тексеру
Білім, алдымен, тіл арқылы, әсіресе,ана тілі арқылы игеріледі.Тіл, яғни ана тілі- білімнің негізгі құралы. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйрену де жеңіл.
ХІ. Презентация
Оқушылар слайд бойынша өз отбасы туралы әңгімелейді.
ХІІ.Үйге тапсырма
«Менің ана тілім» шағын шығарма жазу.
ХІІІ.Бағалау, қортындылау
- 9577 просмотров