Сабақтың тақырыбы: Өз үйім-берік қамалым
КММ «Сокологоров орта мектебі» Сокологоров селосы Ғ.Мүсірепов ауданы, СҚО. Базарбаева Айнагуль Маратовна қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, жоғары |
Грамматикалық тақырыбы: «Жалғаулардың түрлері»
Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға Қазақстан жөнінде оның байлығы жөнінде, тәуелсіздігіміз жөнінде меңгерту, мағынасын айқындау, жалғау туралы алған білімдерін жетілдіру, кеңейту; жіктік жалғауды меңгерту.
• Оқушылардың ой — өрісін кеңейту, танымдық деңгейін көтеру , сөздік қорын дамыту;
• Оқушыларды ұлттық қасиеттерге тәрбиелеу, өз жерін, елін Отанын, халқын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ —жауап,талдау, түсіндіру.
Сабақтың жабдығы: слайд, интерактивті тақта, карточкалар
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабаққа дайындықтарын бақылау
3. «Шаттық шеңберін» құру, психологиялық тренинг (жақсы тілектер айту).
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қою.
ІІ.Кіріспе бөлім
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
1. Жіктік жалғаулардың неше түрі бар?
2. Септік жалғауы нешеу?
3. Септік жалғауларын атаңыз.
4. Көптік жалғауларын атаңыз.
5. Көптік жалғаулары нені білдіреді?
6. Тәуелдік жалғауларын нені білдіреді?
7. Тәуелдік жалғауларын атаңыз
1 тапсырма. Жаңбыр тамшыларынан өшірілген жалғауларды тауып жаз.
1.Айзат шахматтан жеңімпаз атанды.
2.Пияз адамның денсаулығына пайдалы
3.Сулы жерде көкөніс жақсы өседі.
4.Ақмарал қаладан пойызбен келді.
2 тапсырма. Тәуелдік жалғауы жалғанып тұрған сөйлемдерді теріп жаз:
Менің әкем — кұрылысшы. Асқардың әкесі — дәрігер.
Сенің әкең қай жерде жұмыс істейді? Оның анасы дүкенші болып жұмыс істейді.
Ол үйірмеге қатысып жүр.
3 тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап,көпше түрін жасандар:
Терезе, айна, көзілдірік, қоян, мысық, тақта, қалам, сызғыш, кітап, қағаз, ойыншық, қасық, мұхит, алма, балық.
4 тапсырма. Берілген сөздерде қандай жалғау жалғанып тұрғаның анықта
Оқушымын |
Мектептер |
Машинамен |
Ирамен |
Дәрігерсіз |
ойыншығым |
Әлияға |
Барады |
Жүрегі |
Серіктен |
Үйдің |
сандықтың |
құстар |
ауылым |
ақылды |
гүлдерден |
нағашым |
жазуың |
бақыттысыңдар |
егеулер |
кілемдер |
Мақалды аяқта:
- Өнер алды, қызыл ...
- Көп сөз күміс,аз сөз...
- Ең тәтті де-тіл Ең ащы де ...
- Бал тамған тілден... тамар.
ІІІ. Тақтамен жұмыс
Жалғаулар әлеміне саяхат.
Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тауып, түрлерін ажырат.
5 тапсырма. Араб грамотасын толтыр.Дауысты әріптердің дұрысын қойып жаз.
Ұшқ, пдггк, ктп, сзғш, гл, қғз, мктп, снп, трз, шм, тқт.
6 тапсырма. Семантикалық карта толтыру.
Үйге тапсырма.
- I-деңгейдегі 2 тапсырманы орындау (жазбаша)
- 11938 просмотров