Сабақтың тақырыбы: Шәкен Ниязбеков
Жараспаева Галия Койшибековна учитель казахского языка и литературы Казахского Национального университета искусств города Астаны |
Предмет: казахский язык в классах с русским языком обучения
Класс: 9
Сабақтың мақсаты: ҚР Мемлекеттік Тудың авторы, көрнекті суретшісі Ш.Ниязбеков жөнінде білімдерін қалыптастырып, оның әйгілі туындыларын тамашалау.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың суретшінің балалық шағы мен шығармашылығы жөнінде білімін мәтін оқу, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы қалыптастыру;
- көркемсурет өнері жөнінде білімдерін байыту, коммуникативтік қабілеттерін, логикалық ойлауын, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын дамыту;
- эстетикалық тәрбие беру, көркемсурет өнеріне қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Әдістері: оқулықпен жұмыс, сөздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 83-бет — ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы — мазмұнын біліп, қосымша мәлімет әкелу; 171-бет — жаңа сөдермен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат, міндеттері айқындалады.
2. Оқулықпен жұмыс (75-76-бет, қосымша оқулық, авт. К. Ш. Саргелтаева, Б. А. Кабланбекова, Г. Турсынхан, К. Ж. Кожабаева. Көкшетау, 2012)
2.1. Сөздік жұмыс (170-б.)
- оқулық бойынша
2.2. Мәтінді түсініп оқу.
Тәуелсіз еліміздің ең қасиетті-де қастерлі атрибуты — Мемлекеттік Ту. Оны өмірге әкелген жан — суретші Шәкен Ниязбеков.
1992 жылы Мемлекеттік Туды әзірлеудің конкурсына ТМД елдері, Германия, Түркия, Моңғолия өкілдері қатысқан 1200 адамды құрайтын сайыста Шәкен Ниязбеков жеңімпаз атанды.
Шәкен Ниязбеков — Қазақстандағы дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның өнер қайраткері. Ол 1938 жылы 12 қазанда көне Тараз жерінде дүниеге келген.
Ш.Ниязбеков 12 жасында әкесі, шешесі және әжесінен айырылып, жетімдіктің ащы дәмін тартқан. Ол тағдырдың тауқыметі қанша ауыр болса да, өзінің ой-арманынан еш күдер үзбей, алған мақсатына қайсарлықпен ұмтыла береді. Талабы таудай жас өрен онжылдық мектепті Тараз қаласында бітірген соң, Ленинградтың көркемсурет училищесін, кейін В. И. Мухин атындағы сурет институтын бітіреді. Жас қылқалам иесі осы студенттік жылдарда архитектура әлемінің шедеврлері Эрмитажды, Петр Сарайын жаңғырту жұмыстарына қатысады.
Біртуар суретші 1965 жылы Чехословакияда «Глобус» теледидарының дизайны үшін алтын медальға ие болды. Шәкен Ниязбеков сондай-ақ «Волга» жеңіл автокөлігі дизайны авторларының бірі. Бұдан бөлек ол — 1964 жылы Ленинградта атақты «Әлемде бейбітшілік орнасын» («Миру мир») плакаты үшін бірінші орынды алған адам. Бертін келе, яғни 1982 жылы Алматыдағы Республика алаңын көркемдік безендіру байқауының жеңімпазы атанды.
Суретшінің бірнеше туындылары Санкт-Петербургтегі, Мәскеудегі, Киевте, Ташкентте, Ереванда, Үндістанда көрмеге қойылған.
«Егемен Қазақстан» газетінен
3. Топтық жұмыс (мәтін мазмұны бойынша) — 8 мин.
3 топ мәтіннің
1-топ —1, 2, 3-абзацтардағы | ойды жеткізеді |
2-топ — 4-абзацтағы | |
3-топ — 5, 6-абзацтардағы |
4. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (мәтін мазмұны бойынша — жазбаша) — 10 мин.
І-деңгей (жазбаша)
1.1. Ш.Ниязбеков өмірі мен шығармашылығын тірек-сызба арқылы көрсету.
2.
1.2. Мәтінде курсивпен ерекшеленіп тұрған сөздерді сөз құрамына талдап, сөз табын анықтау.
ІІ-деңгей
Хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, мәтінде берілген ойды рет-ретімен орналастырып, мазмұны бойынша жоспар құрау.
ІІІ-деңгей
3.1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Біртуар суретші 1965 жылы Чехословакияда «Глобус» теледидарының дизайны үшін алтын медальға ие болды.
3.2. «Шәкен Ниязбеков және дизайн өнері» атты тақырып төңірегінде ойтолғау жазу.
5. Қорытынды
Тілдесім — Ш.Ниязбеков шығармашылығы жөнінде пікірлесу.
ІV. Үйге: жаңа сөздермен жұмыс (170-б.), 76-б., 6.6. — тапс. (ауызша).
V. Оқушыларды бағалау
- 11032 просмотра