Сабақтың тақырыбы: «Сын есім»
Сандыбаева Бибигуль Смагуловна учитель начальных классов 2-категория КГУ «Аккольская средняя школа» Акмолинская область Зерендинский район |
|
Күні |
Қазақ тілі 2 сынып |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Сын есім |
||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Сын есімді сөйлем ішінде басқа сөз таптарымен байланыстыра білуге үйрету. |
||||
Сабақтың міндеттері |
1. Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. 2. Оқушы ойын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу. |
||||
Күтілетін нәтиже |
1. Оқушылар өз ойларын тиянақтай білу. 2. Басқа сөз таптарымен байланыстыра алу. |
||||
Сабақтың көрнекіліктері |
Жұлдызшалар, оқулық, суреттер, постер, карточкалар, қарындаштар, маркер. |
||||
Сабақтың әдіс – тәсілдері |
«Кубизм» сратегиясы, топтық жұмысы, синквейн |
||||
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары |
|||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Уақыты |
Оқушының іс-әрекеті |
|||
І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. а) Топтастыру. (түстер арқылы) ә) «Кубизм» әдісі. — Өткен сабақты пысықтау. |
1 мин 0,5 мин 3 мин |
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту. Түстерді таңдау арқылы топтасады. Өткен сабақтарды сұрақтар қоя отырып пысықтайды. |
|||
ІІ. Мағынаны ашу а) Оқулықпен жұмыс. Бірін – бірі оқыту арқылы 1 – жаттығуды орындату. «Менің әжем» ә) Сұрақ – жауап. (ауызша) 2 – жаттығу. Сұрақтарға жауап бер. — Алмас қай үйде тұрады? — Еліктің жанында қандай лақ еріп жүр? — Қандай баланың ертеңі таусылмайды? — Қандай еңбекпен тапқан нан тәтті? |
8 мин
5 мин |
Оқушылар барлығы өлеңді мәнерлеп , содан кейін жұпқа бөліп оқиды. І топ – 1 шумағын мәнерлеп оқиды. ІІ топ – 2 шумағын мәнерлеп оқиды. ІІІ топ - өлеңді мазмұндайды. ІҮ топ - қиын сөздермен жұмыс жасайды. Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді. Өз ойларын ашық айтады. Өзгелердің ойымен пікір алмасады. |
|||
Сергіту сәті. Видеоролик арқылы қозғалыс.
|
1 мин |
Оқушылар музыка әуеніне қарай билейді. |
|||
б) Карточкамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Топпен жұмыс. Заттар арқылы жаңа топ құру. Тапсырма: Заттың касиетін ата. |
9 мин |
Оқушылар берілген заттың касиеттерін ата шығады. |
|||
Ү. Сабақты бекіту а) Мультфильм көрсету арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту. Мысалы: кейіпкерге хат жазу. |
10 мин |
Оқушылар мультфильм көреді де, кейіпкерге хат жазады. Өз ойын толық жазады. |
|||
ҮІ. Сабақты қортындылау Синквейн (бес жолды өлең) |
6 мин |
Оқушылар өткен тақырыптарды бес жолды өлең жазу арқылы қорытады. |
|||
ҮІІ. Бағалау Жұлдызшалармен бағалау. (жеке,топта) Өзін–өзі бағалау. Жауап үлгілері арқылы өзін – өзі бағалау. |
1 мин |
Оқушылар өздерінің жұмыстарына жұлдызша алады. Өздерін бағалайды.
|
|||
ҮІІІ. Үйге тапсырма Бет 222 5-жаттығу |
0,5 мин |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. |
- 8175 просмотров