Сабақтың тақырыбы: Талдауларды қайталау. Сынақ сабағы
Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, «№ 3 орта мектебі» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Джузикеева Айнагуль Бакитжановна |
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік \ оқушылардың тіл білімі салалары фонетика, грамматика бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, нақтылау, тест жүйесі арқылы тексеріп өту
2. дамытушылық \ оқушылардың ҰБТ бойынша біліктілік деңгейлерін шыңдай түсіп, қазақ тілі салаларынан алған білім тәжірибелерін практика жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыта отырып, сауаттылықтарын арттыра түсу.
3. тәрбиелік \ сабақ үрдісінде қолданылатын мысалдар немесе шағын мәтіндер арқылы Отан сүйгіштік сезімдерін рухани дүниетанымдарымен сабақтастыра отырып байыта түсу
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны бекіту сабағы
Көрнекіліктер: мультимедиялық жоба слайдтар, кеспе қағаздары
Әдіс \ тәсілдер: сұрақ жауап, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс түрлері, тест әдісі (по В. С. Аванесову)
1. Ұйымдастыру кезені
(кезекші өткізеді, сұрақ — жауап арқылы, бір — біріне сұрақ қояды).
2. Үй тапсырмасын тексеру
Тіл туралы өлен жатқа айту 3 оқушы айтады, жазылған шығарманы 3 оқушы оқиды, мақал-мәтелдер жатқа айту.
3. Білімді жан — жақты тексеру кезеңі (фонетика, морфологиялық, синтаксистік талдау)
а) Олай болса, алғашқы кезең «Фонетика алаңы», фонетикалық талдау жасаймыз
- 1 топ — кейіпкер,
- 2 топ — мақсаттар
б) Келесі кезең «Морфология алаңы», морфологиялық талдау жасаймыз. Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды (құрмалас сөйлем, сабақтас, себеп бағыныңқы)
Биыл — үстеу
Қыс — зат
Суық — сын
Болғанмен — етістік
Қар — зат
Аз — үстеу
Жауды — етістік
Біз бүгін сабақта жарыс туралы сөйлестік (жай сөйлем)
Біз — есімдік
Бүгін — үстеу
Сабақта — зат
Жарыс — зат
Туралы — шылау
Сөйлестік — етістік
в) соңғы талдау синтаксистік талдау, жасаймыз
Мен келешекте жақсы маман боламын
(жай сөйлем, хабарлы, толымды, жайылма, жақты,)
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.
(құрмалас сөйлем, салалас құрмалас, ыңғайластық)
Өзін шаршатпайын деп, үйге кіріп демалды.
(құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас, мақсат бағыныңқы)
Ол мұғалім бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды
(аралас құрмалас сөйлем)
4. Грамматика асуы кезеңі
Төл сөз бен автор сөзі арасындағы тыныс белгілерінің қойылуына тоқталып өтеді
Атасы баласына:
— «Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», — деп ақыл айтты.
— Маған сұрақ қоямын деп отырған қандай адам?- деп сұрады Байдалы би жанындағылардан сұраған еді.
Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп:
— Жәкен дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы! — десті.
— Ең қызығы, — дейді Қадыр, — тыңдағы көтеріліп жатқан жерлерге күндіз емес, түнде қарау.
5. Схема арқылы жұмыс, сөйлем құрастыру
1. «Төл сөз!» — автор сөзі. Мен қазақпын! — деді оқушы
Автор сөзі: «Төл сөз», — автор сөзі Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», — деді
— Төл сөз, — автор сөзі, — төл сөз?. — Ол — деді Сағи- сенің інің бе?
2. Түбір, түбір, жұрнақ, жалғау. ----- ауылшаруашының
Түбір, жұрнақ, жұрнақ, жалғау кітапханашының
Түбір, жұрнақ, жалғау, жалғау жұмысшыларға
3. Бастауыш, пысықтауыш, аңықтауыш, толықтауыш, баяндауыш, баяндауыш.
Мен болашақта жақсы маман болып тырысамын
6. Тестік жұмыс (по В. С. Аванесову)
ҰБТ да көп кездесіп, оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтар реті. (14 сұрақ)
(звучит музыка)
І. Бір неше дұрыс жауап бар
Сөз таптарына не жатады?
1. зат есім
2. мүшелер
3. сөз кұрамы
4. буын
5. сан есім
6. еліктеуіш сөздер
7. дыбыс, әріп
8. омоним, синоним, антоним
Антонимді жұпты көрсетіңіз?
1. өнерлі, беделді
2. көреді, жазады
3. жабады, ашады
4. сәулетті, қастерлі
5. оқиды, жатады
6. аласа, биік
7. ұзын, қысқа
8. қорқақ, батыр
Жекіру одағайын табыңыз?
1. тәйт
2. алақай
3. жә
4. моһ моһ
5. тек
6. әттең
7. шіркін
8. ойпырмай
Оқшау сөздердің түрлерін ата
1. қаратпа
2. етістік
3. қыстырма
4. еліктеуіш
5. одағай
6. бірыңғай
7. тұрлаусыз
8. тұрлаулы
ІІ. Сөйлемді жалғастыр
Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл- күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы _______ одағай
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді қандай сөйлем ______
құрмалас
Сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы ________
орфография
Сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы дегеніміз ____________ үндестік заңы
ІІІ. Байланыс тізбегі
Цепные задания — это такие задания, в которых правильный ответ на последующее задание зависит от ответа на предыдущее задание.
1. Заттың іс әрекетін, қимылын білдіреді ___________________ етістік
2. Оның сұрақтары
А) кім? Не?
В) қандай? қай?
С) не істеді? не қылды?
Д) қанша? неше?
Е) кімнің? ненің?
3. Неше топқа бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
4. Іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді, оның төрт түрі бар
А) етіс
В) көсемше
С) есімше
Д) салт
Е) сабақты
5. Оның неше райлары, шақтары бар
А) 2, 3
В) 3, 3
С) 4, 5
Д) 4, 4
Е) 4, 3
6. Құрамына қарай күрделі сөзді тап
А) келді
В) келген
С) жазып отыр
Д) аяқтады
Е) үйге келді
7. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Алмат, Райхан — тестік жұмыс № 21, № 22 құрмалас сөйлемге морфологиялық талдау
Настя, Люда — тестік жұмыс № 23, № 24 жай сөйлемге синтаксистік талдау
Мунлык, Настя — тестік жұмыс № 25, № 20 фонетикалық талдау
Алмат — — тестік жұмыс № 19
8. Анаграмманы шешу
1. Тіл дыбыстарын зертейтін сала? 5.Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер?
2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі? 6.Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы?
3. Шылау түрі? 7.Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер?
4. Қүрмалас сөйлемнің бір түрі? 8. Сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны?
9. Бекіту кезеңі. Қорытынды
«Ел келешегі — білімді жастар қолында!»
Н.Ә. Назарбаев
Түлектер сізге бәріне осы өмірде сәттілік тілеймін. Арманына жетіндер ҰБТ ны жақсы тапсырып, білімді адамдар болындар, ата аналардың мұғалімдердің үміттін ақтандар.
10. Бағалау
- 13892 просмотра