Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»
Петропавл қаласы КММ «№ 13 орта мектеп» Қазақ тілі мұғалімі: Рақышева Рымбала Асқарқызы ІІ категория |
Сынып: 7 сынып
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.
Сабақтың түрі:
1) Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Деңгейлік тапсырмалар
4. РАФТ стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!». Н.Назарбаев
Интер белсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов
Ана тілін білмейтін адам — бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин
Сабақ жоспары:
1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!
3. Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің сөзі: Тіл — қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам — туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі — адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.
ІІ. Мағынаны тану
«Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру
Сөздікпен жұмыс.
Күлдіру — смешить
Күйдіру — огорчать
Сүйсіндіру — влюблять
Сүріндіру — спотыкаться
Бүлдіру — испортить
Жұбату — утешать
ІІІ. Ой толғаныс. Тілші ойыны арқылы
Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.
- Тілді қадірлеу неден басталады?
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады - Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу болып табылады - Тілін білмеген нені білмейді?
Тілін білмеген — түбін білмейді. - Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
«Аталы сөз — баталы сөз» деген екен. - «Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.
Топпен жұмыс:
І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септу
ІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазу
ІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрау
Тілге келмеу — қарсыласып, ұрысып сөйлемеу
Тілді байлау — сөз бермеген адамды айтады
тілі қышыды — айтқысы келген адамды айтады
тілсіз қалу — сөйлемей қалған адам
ІV. Өзіндік жұмыс
Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.
Рөлім – оқушы Аудитория – сынып Формасы – мәдениетті сөйлеу Тақырып – Тіл мәдениеті |
Мен мәдениетті сөйлеймін. Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі. Мен қызықты кітап оқимын. Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі. |
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Бағалау.
Қолданылған әдеби кітап:
Қазақ тілі 7 сынып Автор: Т.Артыкова, Г.Ермекбаева Алматы «Атамұра» 2012
- 43424 просмотра