Сабақтың тақырыбы: «Туған жер елімнің мәртебесі»
Өткізген: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейінің мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы |
Сабақтың барысы:
Жиын: оқушылар жиналып, дөңгеленіп отырады.
Көрнекілігі: «Шалқар көлі-аққуымен», темір жол вокзалы, Шалқар жайлы жыр жинақтар кітабы.
Мақсаты:
а) білімділігі: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге деген қамқорлық қасиеттерді қалыптастыру;
б) дамытушылығы: қоршаған орта туралы білім-біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту;
в) тәрбиелілігі: туған жердің әдемілігін, әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Жұмыс барысы:
І. Әр адамның өзінің туған жеріне не жетеді?! Туған жерін сүймейтін адам жоқ, туған жерін жырлайтын ақындар қаншама. Суретшілер туған жерін бояумен бейнелесе, музыканттар-әнімен, ал ақын, жазушылардың тілі-сөз.
Абройлы анаң да-Отан,
Асқар тау әкең де-Отан.
Тал өскен жерінде
Адамның жаны туған жерінде.
(С.Сейфуллин)
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық». Туған жерімізді, Шалқарымызды жырлаған ақын, жазушыларымыздың өлең жолдарына кезек берейік.
Шалқар
(сөзі: Есенбай Дүйсенбаев)
Әліби тұрған штаб үй,
Нар мүсін Шалқар.
Жұбанов жазған күшті әнім,
Армысың, Шалқар.
Мақтауыма сен қалайда,
Сыясың, Шалқар.
Талмайтын қанат талайға,
Ұясың, Шалқар.
Бойыңа ерте бекіген,
Бұл дарын, Шалқар.
Талант боп тұған шетінен,
Ұлдарың, Шалқар.
Елу жылда ел жаңа,
Деуші еді, Шалқар.
Қайта бір туған кең дала,
Еңселі Шалқар.
Тірлікті аңсап шөлдесең,
Шипа су-Шалқар.
Ақынның илан, сен десем,
Ұйқасы, Шалқар.
Айғағы соның айнымас,
Осы өлең Шалқар.
Көсегең көктеп, жай құлаш,
Өсе бер, Шалқар.
Тағы да Шалқарды жырлаймыз.
Шалқар
Сөзі: Қуандық Шаңғытбаевтікі
Әні: Ілия Жақановтікі
Шалқардың сұлу ғой кешкі айдыны,
Бетінде көлбеп ай нұры, толықсып жатады.
Ақ төсін самал жел тербеп жай ғана,
Манаурап тұрып айнала ұйқыға батады.
Е-е, қайран Шалқар,
О-ой, сайран Шалқар, көл Шалқар.
Махаббатым, сен Шалқар.
Тау мен құм, гүлдері жасыл желкені,
Тілеу мен Қабақ мекені.
Шалқыған Шалқарым,
Ауылым тұсауын алғаш кескен жер,
Ақсүйек ойнап өскен жер,
Сенсің ғой аңсарым.
Шалқар вальсі
Сөзі: Үмбетбай Уайдин
Әні: Емберген Тереков
Шаhарда Шалқар деген болдыңыз ба?
Осында ер жігіттер, өңді қыздар.
Көлі бар құралай көз мөлдіреген,
Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба?
Шалқар көлі көзімізге,
Шағалалы көк теңіз.
Шалқар құмы өзімізге,
Күндей ыстық теп-тегіс.
Шалқардың құм деп жерін қомсынбаңыз,
Құмы құт, суы байлық, осында аңыз.
Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,
Батырлар, бақыттылар осындамыз.
Мына өлең жолдарынан, біздің туған жеріміздің қандай екенін білдік. Шалқарлық ақындар көп. Зиядин Әбдуәлиев «Шұғылалы Шалқар», Әкімжан Дүйсенбаев пен Жұманазар Асанов «Саршолақ шайыр».
Бұлар Шалқар, Шалқарлықтар туралы жазды. Шалқардан шыққан танымал әнші қызымыз Жанар Айжанова, қазір Алматыда. «Қ.Р. Мәдениет қайраткері, Қазақстан жастар одағы „Дарын“ сыйлығының лауреаты» атағын алған. Біздің туған жерімізде «Батырлар аллеясы», «Бауырластар зираты», Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың ескерткіші, Ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері, атақты би Мырзағұл Шыманұлының ескерткіші бар. Соңғы уақытта қаламыздың көрінісі көп өзгерді. Жаңа заман үлгісімен салынған мектеп, үйлер, ғимараттар бой түзеп келеді.
Сұлу қала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаның!
О, Туған жер, тамашасың, көркемсің!
Осындай атақ-даңқтарымызбен, біздің туған жеріміздің, еліміздің мәртебесі әр уақытта биік болсын деп тілейік. Дөңгелек стол жиынымызды осымен қорытындылаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.
- 11679 просмотров