Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Калиаскарова Асем Сапаргалиевна, преподаватель казахского языка КГКП ясли-сад № 10 «Сказка» Павлодарская область, город Экибастуз |
Сабақтың мақсаты: сөздік қорларын молайту; қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратып дұрыс айтуға, сұраққа саналы түрде жауап беруге жаттықтыру. Жануарлардың аттарын көпше түрде айтуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: сандық, ойыншықтар, жануарлардың суреттері, сөйлейтін кітап
Сөздік жұмысы: үй жануарлары.
Әдіс-тәсілдер: үй жануарларының суреттерін көрсету, әңгімелеу, түсіндіру.
Блингвальді компанент: үй жануарлары — домашние животные, сиыр — карова, қой — баран, ешкі — коза, жылқы-лошадь, түйе — верблюд.
Мативациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Мұғалім: Бүгін бәріңде қандай әдемісіңдер, осылай маған ұнайсыңдар,
Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтады
Мұғалім: Менің қолымда доп. Доп арқылы сұрақтарға жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем қандай? Қандай көктем айларын білесің? Бір аптада неше күн бар? Қандай күндері демаласыңдар?
Балалар: Балалардың жауаптары
Ұйымдастыру — іздену
Мұғалім: Д/о «Төлдерін тап»
Балалар: Суреттегі өздері білетін үй жануарларын атап, көрсетеді.
Мұғалім: — Мынау ешкінің баласы лақ. Кәне енді лақтың орысшасын айтайықшы лақ — козленок, қозы — ягнёнок, бұзау — телёнок, бота-верблюжонок, құлын-жеребёнок.
Ақ — ақ — міне, лақ.
Лақ әдемі. Лақ кішкентай.
Мынау — қозы. Қозы — қойдың төлі.
Мынау — бұзау ұ — ұ — бұ — бұ — зау.
Мынау — бота. Бота ненің төлі?
Балалар: — Бота-түйенің төлі. Дыбысты, сөзді айтып жаттығады.
Сөздік жұмысы: үй жануарлары
Сергіту сәтін өткізу.
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Балалар: (қимылмен көрсетеді)
Мұғалім: өлең жолдарын оқып, төлдердің қалай дыбыстайтынын түсіндіру (балалармен қайталау)
Бота: Б-ны ө-ге қосып,
«Бө», — дейді.
Лақ: М-ны е-ге қосып,
«Ме», — дейді
Қозы: М-ны ә-ге қосып,
«Мә», — дейді.
Ал мен: М-ны а-ға қосып,
«Ма», — деймін,
«Ма-ма», — деймін:
«Мама!» — деймін.
Мұғалім: Д/ о «Сыңарын тап».
Рефлексиялық түзетушілік
Мұғалім:
Сұрақтар:
Қандай сөз үйрендің?
Бота не дейді? т, с, с
Мұғалім: Ал енді қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
- 6396 просмотров