Сабақтың тақырыбы: «Виет теоремасы»
СҚО, Уәлиханов ауданы, Мортық орта мектебі, математика және физика пәнінің мұғалімі Кожахметова Жулдыз Самигатовна |
Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды қойып отыр. Бұл мақсат мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру арқылы ғана жете алады. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында — сабақты қайталау түрінде өткізген тиімді. 8-сыныпта «Виет теоремасы» тақырыбын қайталау сабағы түрінде өткіздім. Берілген тапсырмаларды орындағанда әр оқушы алдымен өз бетінше орындайды, егер түсініксіз болса, қасындағы оқушыдан көмек сұрау арқылы түсініп алғаннан кейін ғана тапсырмасын орындап көрсетеді.
- 10571 просмотр