Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін насихаттау
Жамбыл ауданы, Пресновка селосы МҚКК Айнагүл балабақшасының тәрбиешісі Абишева Жадра Имаковна |
Сабақтың мақсаты: жолда жүру ережелері туралы мағлұматтар беру. Балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру.
Көрнекілік: бағдаршам макеті, түрлі түсті жол ережелеріне байланысты суреттер, жол белгілері.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесі, сұрақ-жауап
Сабақ барысы: ұйымдастыру
Жылу шеңбері: Балалар бір-бірімен құшақтасып жылы лебіздерін білдіріп, амандасады.
Жұмбақ жасыру.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынақ сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба. (Бағдаршам)
— Балалар қалада қозғалыстар көп болса да, көліктер мен адамдар бір біріне кедергі келтірмей жүреді. Өйткені көліктер де жаяу жүретін адамдар да жол ережесін қатаң сақтайды. Сондықтан көшенің екінші бетіне өтуге бағдаршамның — жасыл, сары, қызыл үш көзі көмектеседі. Ал егер бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады.
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.
— Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.
Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама. Балалармен алдын-ала жасап қойған жолдармен велосипедпен, машиналармен жүріп, «дұрыс жол таңда» ойынын ойнау.
Қорытынды:
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспежәне ілісіп кетпе.
• Күтілген нәтиже: жол ережелерін есте сақтау қабілеті дамиды.
- 20942 просмотра