«Шешендік сөздер» тақырыбындағы сабақтың талдауы
Альжанова Кенжегуль Балтажановна |
Кембридж тәсілі бойынша оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолданудың тиімділігін мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта 9 сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспар бойынша үшінші сабағым «Шешендік сөздер» тақырыбында өткен болатын. Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздер, би-шешендер туралы мағлұмат беру. Топта бірлесе жұмыс жасай шешендік сөздерге жан-жақты талдау жасау, идеясын аша білу, өз ойын ашық, еркін айту, пікір алмасу, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау. Сабақтан күтілетін нәтиже оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
өз бетінше ізденуге ұмтылады;
сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді деп алдым. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 13-14 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
- 12638 просмотров