Тақырыбы: Ағаштан ертегі-аңыз кейіпкерлерінің фигураларының (пішінін) ою
Кабазов Ержан Сапаргалиевич учитель технологии І категории КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 8» ст. Актогай Аягозского района ВКО |
Мақсаты:
- Ағашпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Ағаш ою станогында жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
- Оқушының эстетикалық талғамын, танымын тереңдету.
- Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Көрнекіліктері: Ағаш ою станогы түрлі қашаулар, ойылатын заттың үлгісі, түрлі, ағаш ою құралдары, сызғыш, қарындаш, үлгі схема-плакат, техникалық карта.
Пән аралық байланыс:
- Әдебиет.
- Бейнелеу өнері.
- Геометрия, сызу.
I. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын еске түсіру.
a) Ағаш ою станогы неше бөлшектен тұрады?
б) Қашаулардың қолдану реті?
в) Жонатын, ағашымыз қандай болу керек?
II. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Сабақтың мақсатын жариялау.
2. Үлгі, тақтадағы плакат схеманы пайдаланып жұмыстың жасалу кезеңдерімен танысу.
3. Жасалатын үлгілердің әдебиеттегі бейнесін еске түсіру. Геометриялық пішіндерін, аңғару, бейнелеу өнерімен-де байланыстыру.
III. Қауіпсіздендіру ережесі журналына қол қойдыру
Балалар, біз бүгінгі сабақта, ағаштан ертегі-аңыз кейіпкерлерінің фигураларының (пішінін) оямыз. Кейіпкерлеріміз сувенир тәрізді болғандықтан оларды, ағаштардың қалдықтарынан жасауға болады. Мысалғақ қайың, акация немесе үйеңкі. Жасайтын ертегі-аңыз кейіпкерлеріміз әдебиет пәнімен өте тығыз байланысты. Балалар сендер Қозы көрпеш — Баян сұлу ертегі-аңызын ертеден білесіңдер. Биыл Аякөз ауданымыздың орталық жастар аллеясында Қозы мен Баянның ескерткіштері орнатылды. Ауданымыздың мәдениет үйінде солардың атымен аталған. Жасайтын кейіпкерлеріміз токарь станогында орындалады. Тақтадағы әдеби кейіпкерлеріміздің фигураларын эскизімен танысып алайық. Бұнда Қозы, Баян, Қарабай, Бәйбіше, Ай және Тансықтың бейнелерінің көрінісі берілген. Қозы мен Баянның мазары өзіміздің ауылымыздан 40 шақырым жерде орналасқанын барлықтарың білесіңдер. Көпшіліктерін барып көрген боларсыңдар. Ағаш түрін таңдап алған соң, оны оюға арналған кесте бойынша өлшеп дайындама жасаймыз. Дайындаманы арнайы құрылғыға қыстырып қояды. Оның берік бекітілгеніне көз жеткен соң, станокты іске қосады. Кескіш дайындамамен арнайы эскиз схема бойынша, ағаш жаңқаларын жайлап ала бастайды, оны айналдыра отырып жасайтын кейіпкерлеріміздің геометриялық пішінін оюға кірісеміз. Кейіпкерлеріміздің пішінін ойып болған соң қуыршақты қыша қағазбен өңдеу керек. Ойған қуыршағымызды токарь станогынан босатып алып дайын пішінді түрлі түсті бояулармен бояп, кепкен соң түссіз лакпен жағу керек.
IV. Сабақты бекіту
а) Жұмыс бабында қандай геометриялық фигуралар кездеседі?
б) Жасалған фигураларды қай жерде қолдануға болады?
в) Жұмыс реті қанша кезеңнен тұрады?
V. Практикалық жұмысқа кірісу
а) Әр топқа нақты тапсырмалар беру.
б) Жұмыс барысына тиісті түрлі сын-ескертулер жасау.
VI. Бағалау
VII. Қорытынды
VIII. Үй жұмысы
Осы жасалып жатқан әдеби кейіпкерлер фигураларын әсемдеу эскизін (жобасын) дайындап әкелу.
- 9046 просмотров