Тақырыбы: Білімді мыңды жығар
Бисембаева Раушан Тұяққызы Петропавл қаласының «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ мұғалім-дефектолог, тәрбиеші |
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін саралау, белсенді шығармашылық жұмысқа дайындау, зейіндерін шоғырландыру, логикалық және дерексіз ойлау біліктерін бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық жұмысқа ынтасын тудыру, логикалық ойлауын дамыту. Жағымды бәсекелестік және ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелеу, танымдық әрекеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың арасында жағымды психологиялық-эмоционалдық ахуал туғызу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылысын ояту, ұлт шығармашылығын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиеші: Құрметті әділқазылар алқасы, ұстаздар және оқушылар, қонақтар! Білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Өздерінің білімін сынауға, алғырлығын, тапқырлығын шыңдап, танытуға дайындалып келген оқушыларға:
«Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреу шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып», — дей келе, қатысушыларға сәт-сапар тілейміз. Бақ пен бап сыналар бұл жарыста білім биігінен көрінулерін қалаймыз. Бүгін «Қайрат» пен "Жеңіс«топтары сайысқа түспек.
Бірінші бөлім:
«Қайрат» тобының басшысына сұрақтар:
1. Қазақстанда қанша облыс бар? (14).
2. Қазақстанның ең биік тауы? (Хантәірі — 6646 метр).
3. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда).
4. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда).
5. Павлодар облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын)
«Жеңіс» тобының басшысына сұрақтар:
1. ҚазақстанТәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 ж.).
2. «Ескендір» поэмасының авторы? (А.Құнанбаев).
3. «Алтын адам» қайдан табылған? (Алматы облысы, Есік аданынан).
4. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5 — Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан).
5. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы).
Екінші бөлім:
Ойын барысы:
Әр топтан бір оқушыдан ортаға шақырылады. Әркім өзіне бір әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:
Мысалы:
— Сен қандай әріпті алдың?
— А.
Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әріпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.
— Сенің атың кім?
— Асан.
— Фамилияң кім?
— Ахметов.
— Қайдан келдің?
— Ақтөбеден.
— Қайда барасың?
— Алматыға.
— Немен барасың?
— Автобуспен.
— Онда не өседі?
— Алма.
— Тағы не?
— Алмурт, алша.
— Сені Алматыда кум қарсы алады?
— Айдар және т.б.
Ойын басқарушы келесі ойыншыға осындай әртүрлі сұрақтар қояды.
Үшінші бөлім:
1 бөлімше. Мақалшылар сайысы
Ортаға әр топтан мақалшыларды шақырамыз.
Мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын, сіздер жалғасын табасыздар. Қолын кім бұрын көтерсе, сол жауап береді. Бақылаушы кім жауап беретінін айтып тұрады. Сарапшы әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойып отырады. Қане бастаймыз!
— Еңбек ерлікке жеткізер,
— (Ерлік елдікке жеткізер)
— Жаздың бір күні,
— (Қыстың жүз күні асырайды)
— Көлдің көркі — құрақ,
— (Таудың көркі — бұлақ)
— Өнерлінің қолы алтын,
— (Өлеңшінің сөзі алтын)
— Ұқыптының тоны тозбас,
— (Ұқыпсыз ісі оңбас)
— Оқу түбі — (тоқу)
— Бірлігі жоқ ел тозады,
— (Бірлігі күшті ел озады)
— Болат қауда шынығады,
— (Батыр майданда шынығады)
Қай топтан жеңіп шыққан мақалшы анықталады?
Көрермен көрімдігі
Мен сіздерге мақалдың бірінші сөзін айтамын, сіздер жалғасын табасыздар.
1. ӨНЕР (Өнер алды қызыл тіл)
2. ӘДЕП (Әдепті бала-арлы бала, Әдесіз бала-сорлы бала)
3. ЕҢБЕК (Еңбек етсең емерсің)
4. НАН (Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті)
5. ЖАҢБЫР (Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы)
6. ОҚУ (Оқу инемен құдық қазғандай)
Жеңімпаздар марапаталады.
2 бөлімше. Жұмбақшылар сайысы
Ортаға әр топтан 3 жұмбақшыдан шақырамыз!
Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сіздер шешуін табасыздар. Кім бұрын қол көтерсе, сол жауап береді.
1. Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспей ол қозғайды
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген бтасы жоқ құр боздайды. (Поезд)
2. Салақы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқсықты қоймай айдаған. (Спыртқы)
3. Таңқаларлық бір иті бар,
Үй бағады, үрмейді, аяғы жоқ жүрмейді.
Көмейін тықсаң сөйлейді, тілін адам білмейді
Рұқсатсыз сол иттен адам үйге кірмейді. (Құлып)
4. Тындырып адам жұмысын,
Тазартып үйдің жуды ішін. (Шаңсорғыш)
5. Ілдім жіпке мен өзім,
Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)
6. Ымырт түсе шығамын,
Таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып
Көзімді ілмей жатамын. (Жұлдыз)
7. Топырақты асаймын,
Тау да, сай да жасаймын. (Эксковатор)
8. Ішегіне мұз қатқан,
Өзін-өзі мұздатқан. (Тоңазытқыш)
9. Ақ шапанын үстінен
Алты ай боы шешпейді.
Қара шапан үстінен
Алты ай бойы түспейді. (Жер)
10. Ти десең тимейді,
Тиме десең тиеді. (Ерін)
Қай топтан жеңіп шыққан жұмбақшы анықталады?
Осымен сайысты бұл тамамдасақ,
Тағы да жарысармыз аман болсақ!
Сөз береміз әділқазы алқасына
Әр топтың білімдерін сараласақ!
Әділқазылар қарсы топтардың ұпайларын анықтап, сайыс қортындысын шығарады. Қонақтардың пікірлері тыңдалады, сайыскерлерге сөз беріледі.
- 10423 просмотра