Тақырыбы «Достық қымбат өмірде»
Маженова Г.Е. воспитатель Областная школа-интернат для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей города Петропавловска, Северо-Казахстанской области |
Мақсаты: Бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда қандай бала екенін анықтауына көмек беру. Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, татулыққа, бауырмалдыққа баулу.
Уақыты: 31.10.2014 жыл.
Сабақ барысы:
— Сәлеметсіздер ме, қадірлі балалар! Қош келіпсіздер!
Бүгінгі сабағымыз «Достық қымбат өмірде» деп аталады. Сабағымызды «Тыныштық сәтінен» бастайық.
Енді қысқаша ғана Достық туралы не білеміз, соған тоқталып кетейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берулерің керек:
— Достық деген не?
— Дос қандай болу керек?
— Достық неден басталады?
— Достарың бар ма?
— Достарыңмен кездескенде қандай сөзден бастайсың?
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі-достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Жақсы адал дос болу үшін, ең алдымен түсінікадамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бірі -бір. Ақылдыға қиын. Өйткені ақылды адам достың қандай болу керек екенін біледі. Өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Достық-адам өмірінің өзегі. Өз жақын досыңа көмектесу-парыз. Достық сезім-мәңгілік.
— Ал балалар біз дос, достық туралы айтып жатырмыз Достың қандай болу керек екенін білдік. Енді сендер қандайсыңдар? Қазір мына күн шуақтарына әр бала жақсы қасиеттеріңді жаза қойыңдар. (Күн шуағын құру)
1-тапсырма
Балалар біз қанша жақсы қасиеттерімізді жазсақ та, кез келгеніміздің бойымызда кемшіліктерімізде кездесіп қалады.
— Қалай ойлайсыңдар, менімен келісесіңдер ме? Кемшіліктерің туралы ойланып келің дер деп тапсырма берген болатынмын. Және «Өзім үшін жазу стратегиясын» қолданып, Өзіме хат деп өздеріңе-өздерің кемшіліктерің туралы кеңес беріп хат жазып келіңдер деген болатынмын. (Оқыту)
2-тапсырма
«Жаман жолдас» Әңгіме үнтаспадан оқу
— Балалар осы әңгіме туралы не айтар едіңдер?
— Досының істеген әрекеті дұрыс па? Ол қандай қателік жіберді?
Осындай адамды дос деп айтуға бола ма? Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Венн сызбасын толтыру (Екі достың жақсы қасиеттері мен жаман қасиеттерін жазу)
Сергіту сәті
3-тапсырма
Көрініс көру. (2-кі көрініс)
Осы көрініс туралы не айтар едіңдер? Сендерді не таң қалдырды? Не алдыңдар?
4-тапсырма
Ойын—тренинг «Достық планетасы»
Балалар өз қиялдарыңда достық планетасын жасаңдар. Барлық жақсылықтарды, көтеріңкі көңіл-күйді осы планетаның ішіне орналастыр.
5-тапсырма
Көрініс көру (Талдау)
Ойын «Менің көңіл күйім қандай?» мұнда ортаға бір бала шығып, өз көңіл-күйін мимикамен, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып және орындайды.
Рефлексия.
Сезімдер ағашына өз көңіл күйлерін орналастыру — Сары түс-өте жақсы. Жасыл түс-қобалжу, қорқыныш
Енді міне, кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз жүрегімнен шыққан жылы сөздерді сыйлаймын (жанданған жылы сөздер таратылып беріледі). Осы жылылықты әр кезде бірге алып жүріп, айналамыздағы адамдарға айтып жүріңіздер. Қорытынды.
- 19615 просмотров