Тақырыбы: Екінші ондық сандарының құрылуы және олардың таңбалануы
Павлодар қаласы, МҚКК № 35 сәбилер бақшасы, тәрбиеші, Сержанова Гүлмира Дауытқанқызы |
Мақсаты: Екінші ондық сандарының құрылуымен таныстыру, «ондық, бірлік» ұғымдарын айыра білуге дағдыландыру.
Міндеттері: 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту. 10-ға дейінгі сандар құрамын бекіту. Сөзді есептер құрастыруды пысықтау.
Көрнекі құралдар: Үлестірмелі материалдар ( 1-ден 20-ға дейінгі сандар таңбалары жазылған карточкалар), 10-нан жасалған таяқшалардан 8 бума, үлкен көлемді карточкалар 11-ден 20-ға дейінгі сандар таңбалары, «Артық, кем» карточкалары.
Сөзді есептер карточкалары, сандар құрамының үйлері, «Көршісін ата» карточкалары, 10-нан 20-ға дейінгі сан баспалдағы А-3, ермексаз, ұсақ заттар (түймелер, бұршақ, фасоль, ағаш пішіндер).
Д/О «Артық, кем», «Көршісін ата», «Ғажайып дорба», «Көңілді шеберхана».
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы:
Өткенді қайталау: жыл мезгілдері мен ай, апта күндері
Тақтада 11-ден 20- ға дейінгі сандар таңбалары ілінген.
1. Ауызша жұмыс: 0-ден 20-ға дейін тура, кері санау.
2. Д\О «Көршісін ата»
Жаңа тақырып: Балаларды 4 топқа бөлу.
1 топқа мынадай тапсырма: сурет бойынша сөзді есеп құрастыру, шешімін жазу, оқу.
2 топқа тапсырма: 6,8,9,10 сандарының құрамын жазу.
3 топқа тапсырма: «Артық, кем » салыстыру карточкалары.
4 топқа «11.12» сандарының құрамын педагог түсіндіреді:
— Алдарында жатқан жолақшада қандай пішін салынған?
— Нешеу? Жақсы, балалар, сан таңбасын жанына қойындар 10.
— Енді, астыңғы жолға 1 дөңгелек қоямыз.
— Барлығы нешеу болды? 11
— Бүгін біз екінші ондық сан қатарының құрамын анықтаймыз
— оңдық пен бірліктен тұрады, 11 ол 1 ондық пен 1 бірлік, ал 1-ондық деген ол 10 бірліктен тұрады, 1 дөнгелек қостындар — 11 болды, осы сан таңбасын тауып қойындар.
Келесі 12 санның, сан таңбасының пайда болуын осы тәсілмен түсіндіру.
Сергіту сәті:
Қарлығаштай қалықтап,
Қанат қағып алайық,
Кеуде керіп шалқақтап
Үшке дейін санайық: 1, 2, 3
Бойға жинап күш,
1, 2, 3-бұлшық етте міне күш!
(Барлық үстелдерге буылған таяқшалар салып қою)
— Таяқшалармен 1-ондық көрсету, оған 3, 4, 5 бірліктен қосу, таңбаларын көрсету.
— Үстел үстінде ермексаздан, ұсақ пішіндерден, бұршақтардан 11, 12, 13, 14, 15 сан таңбаларын құрастыру, бастырылған сан таңбаларын штрихтау, бояу тапсырмаларын орындау.
Іс-әрекетті бекіту: «Сан баспалдағын» толтыру. 11-ден 20-ға дейін тура, кері санау.
— Екінші ондық қатар сандары неден тұрады? Ондық пен бірліктен.
— Сан таңбаларын көрсетіндер: 1 ондық — 1 бірлік, ол неше?
— 1ондық — 2, 3, 6, 7 бірлік көрсет және атап бер.
Қорытындылау: — Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай жаңа ұғымдармен таныстындар?
— Іс-әрекетте не істедіндер?
— Сендерге ұнады ма?
Рефлексия: Балалардың өз-өздерін бағалауы.
- 16342 просмотра