Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Біліктіліктің жоғары деңгейіндегі екінші санатты қазақ тілі мұғалімі Жабаева Марина Уалихановна, Теміртау қаласы, № 16 «Таңшолпан» бөбекжайы МКҚК |
Ересек топтарда оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Өткізілетін күні, айы, жылы: «17» 04 2015 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қазақ тілі
Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру.
Білімділік міндеті: төл дыбыстарды анық айтуға жаттықтырып, сөздерді дұрыс айтқызу, ұлттық киімдермен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын молайтып, сөз тіркестерін құрастыру арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық киімдердің әсемдігін көрсете отырып, оларды әдемілікке, көркемдікке баулу. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі құралдар: ұлттық киімдер үлгісі, суреттер, диск.
Билингвальді компонент: сәукеле, тақия, бөрік, шапан, қамзол, көкірекше, мәсі.
- 12345 просмотров