Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл
Касымова Айшайм Хайрулловна, воспитатель первой категории, стаж 32 года, ГУ Комплекс «Музыкальный колледж — музыкальная школа-интернат для одаренных детей» г. Павлодар |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Пікіралмасу
Әдісі: Ой — қозғау
Көрнекі-құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Кіріспе сөз.
3. «Қазақ елі» бейнеролигі
4. Викторина «Сұрақ-жауап».
5. Қорытынды
Тәрбиеші сөзі: Армысыздар, бүгінгі кештің қонақтары және өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақ хандығының құрылуына — 550 жылдығына орай «тарихқа тұңған даламыз» атты кешке қош келдіңіздер. 2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл — қалың қазақты бір жасатып тастады. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.
Жүргізуші: Қабжанова Н.
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
Жүргізуші: Уахит А.
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол аныққой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері
Қ.Р әнұраны орындалады.
1 жүргізуші: Қабжанова Н.
Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихында қазақ хандығының алар орны зор. Осы тарихи мағыздылыққа ерекше мән берген еліміз биыл
Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту туралы шешім қабылдады. Осындай бастаманы көтерген Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында Алтын Орданың Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы ірі белес екенін айтты.
2 жүргізуші: Уахит А.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрыңғы Ақ Орданың орнына Әбілқайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатты.
1 жүргізуші: Қабжанова Н.
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші. Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео слаидты көре отырып, Серік Даниялдың орындауында «Қазақ елі» әнің қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: Уахит А.
Өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің ұағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Түрік жұрты осылай өсіп — өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік-таққа таласқан аға—бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
1 жүргізуші: Қабжанова Н.
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру—тайпа өзінше хандық құрған.
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
2 жүргізуші: Уахит А
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Сұрақтар көрерменге:
Сұрақі: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады?
Жауап: (Нұрлы жол болашаққа бастар жол" Жолдауы).
Сұрақі: Қазақ хандағының негізін қалаған хандар?
Жауап: (Керей мен Жәнібек)
Сұрақі: 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады?
Жауап: (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).
Сұрақі: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды? Жауап: Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы
Сұрақі: Қазақ хандығы қай хандықтан бөлінді:
Жауап: (Әбілқайыр хандығынан бөлінді.)
1 жүргізуші: Қабжанова Н.
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қатанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
Махамбеттің күйі: «Жұмыр қылыш» Бекбаев Марат
2 жүргізуші: Уахит А.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы: Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей — берекетсіздік басып алды. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Керей: Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Керей: Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Керей: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.
1 жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
2 жүргізуші:- М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек — қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары.
Ән:
1 жүргізуші: 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
2 жүргізуші: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Би «Қара жорға»
1 жүргізуші:
Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған, ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.
Ән: Жаса Қазақстан.
Оқушы:
Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен,
Нақақтан шәйіт болан ағалардың.
Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды
Оқушы:
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.
Оқушы:
Бұл — Жәнібек, Кепей деген хан бабам,
Бола білген ұлысына мұрындық.
Бұл Асан қайғы, Жерұйығын тағдаған,
Бұл қырық батыр, арғы тегі — қырымдық.
Бұл Қасым хан және дағы ер Есім,
«Ескі жолмен» еркін басып келесің.
«Жолдан» шығып жаңылыссан, ертеңгі,
Ұрпағыңа қандай үлгі бересің?
Оқушы:
Бұл — әз Тәуке, Абылай хан айбарлы,
Ұлтымыздың ұранына айналды.
Дара туған бас қолбасшы Қабанбай,
Малайсары, ер Бөгенбай, Саурықтар,
Ұрандатып жауға шапқан аянбай.
Оқушы:
Бұл Кенесары азуын білеген аспанға,
Ұрансыз қазақ айқасқа өмірі басқан ба?
Ұран салды Кене хан бар дауысымен:
«Бостандық үшің ұмтыл, қазақ, жасқанба!
Сазайын тарттыр жеріңді алған жауынның»,
Дейді емес пе: «Бір тосу — мың асқанға!»
«Атамекен» әні орындалады.
2 жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Іс-шараны қорыта келе, «Қазақстан деген мемлекет оп-оңай тұрғыза салған үй емес немесе кеше ғана өмірге келген ел емес, оның да тамыры тереңде екенін әлем білуі керек. Ұлттық рухты асқақтату қажет. Дүние жүзіндегі қазіргі жағдай рухы мықты елдің ғана ұлттық даму жолы ұзара түсетіндігін дәлелдейді». Мұның бәрі ұлтымыздың айбары мен абыройын асырып тұратын Қазақ мемлекеттілігі тарихының ескерткіш белгісіндей болып ғасырларды ғасырларға жалғастырып тұрары хақ.
1 жүргізуші: Осымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
2 жүргізуші: Алып бәйтеректей тамырын тереңге Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын! Қош-сау болыңыздар!
Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол.
Источник:
httpss://www.tarbie.kz/8550
httpss://kopilkaurokov.ru/istoriya/meropriyatia/kazakkhandygyna550zhylulydaladubiri
- 11612 просмотров