Тақырыбы: Кешірімді бала — Кішіпейіл бала.
Маханова Алмагул Шертаевна бастауыш сынып мұғалімі, 20 жыл еңбек өтілі, екінші санат ГУ «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі» Аршалы ауданы Ақмола облысы |
Сабақтың дәйексөзі:
Кешірім — ізгіліктің белгісі.
Халық даналығы
Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығын ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
- кішіпейілділікке, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
- кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;
- кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: күннің, бұлттың суреттері, оқулық, дәптер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
1.Шаттық шеңбері
Шатттық шеңберінде мұғалім оқушлармен амандасып, төмендегі А. Бейсембайдың өлең жолдарымен сабақты бастауды ұсынады:
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
2.Өзіммен-өзім /релаксация тәсілі
Үнтаспадан табиғи дыбыстары баяу естіліп тұрады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді.Әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Біз осының бәрін бірге көргенімізге іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді әсем де көркем «Гүлдер» сарайына түсірді. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне кішіпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара жатқандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға келейік.
3. Ойын-жаттығу «Күннің көзін бұлттан арылту»
(Алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннің макетін дайындау. бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.)
— Көше сыпыратын атайдың ауруханаға түсу себебі неде?
— Тұрсын неге мазасызданды?
— Балалардың жасаған әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
— Тұрсынның жасаған әрекеті дұрыс па? Не үшін?
— Қарт балаларға қандай кішіпейілділік танытты?
4. Жаңа ақпарат
— Бүгін «ренжімеу», «кешіру», «қателігін мойындау» туралы өзіндік көзқарастарымызды қалыптастырамыз.
Оқу апаратын мұғалім өзі өқиды.
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады. Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
5. Мақалды түсіндіру
Жақсы адамның ашуы жібек орамал кепкенше,
Жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше.
6. Сергіту сәті
Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)
Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Құстай қанат қағамыз. (қолдарын жайып, қанат қағады.)
7. Жағдаяттарды талдау
Берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.
— Аян асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
— Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
— Саян сыныпта келе жатып Құралайдың партадаға заттарын шашып алды...
Балалар «Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?» деген сұрақпен жағдаяттарды шешу арқылы, қай кезде болмасын дұрыс шешім қабылдай алу керектігін де түсінетін болады.
8. Мәтінмен жұмыс
Мұғалім «Автобуста» деген оқулықта берілген әңгімені оқып, талдау барысында балалардың үлкен адамдарға үнемі кішіпейілділік танытуы қажет екенін ұғындырады.
— Әңгімеден қандай ой түюге болады?
9. Бекітіп, жинақтау
Алпамыс пен Махаббаттың кеңесі ретінде «Назар аударайық»
— Кешірімді болу деген не?
— Кешірім жасау — татуласуға бірінші қадам жасау;
— Кешірім жасау — кішіпейіл болу;
— Кешірім жасау — қателікті мойындау;
— Кешірім жасау — өзара түсінісу;
— Кешірім жасау — ренішті ұмыта білу.
10. Дәптермен жұмыс. Музыка баяу ойнап тұрады
Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.
Тапсырма
«Досым көп болсын десең ...» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
11. Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен де қорытындылауға болады.
Достарым
1.Достарым-ай, достарым,
Сағындым ғой сендерді.
Достарым-ай, достарым,
Ауылға көктем келді.
Достарым-ай, достарым,
Бір жүрейік шаттанып,
Достарым-ай, достарым,
Би билейік, ән салып.
Қ-сы:
Достарым менің, достарым,
Қосылды бүгін бастарың.
Достарға арнап әдемі
Осынау әнді бастадым.
2. Достарым-ай, достарым,
Туған жердің төрінде,
Сәуле шашқан алтын күн,
Жарқырасын көгімде!
Достарым-ай, достарым,
Тек куаныш көңілде!
Достардың көп болғаны,
Қандай жақсы өмірде!
Приложение
- 19482 просмотра