Тақырыбы: «Мен алма жеймін»
Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№ 16 "Таңшолпан" бөбекжайы» МКҚК Біліктіліктің жоғары деңгейіндегі бірінші санатты қазақ тілі мұғалімі Абжанова Кенжегуль Тауекеловна |
5 жастан 6 жасқа дейінгі ересек топ балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Өткізілетін күні, айы, жылы: 12. 02. 2016 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қазақ тілі
Мақсаты: тақырыпқа байланысты сөздердің тілдегі нормасын сақтап айтуға үйрету, балалардың білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: балалардың сөздік қорларын байытып, байланыстырып сөйлеуге, сөз тіркесін және сөйлем құрастыруға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, салыстыра, ажырата білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: балаларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: жемістердің муляждары, суреттер, тақырыпқа сай слайд.
Сөздік жұмысы: жеймін, же, жемеймін.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, екі қолды жұмысқа жұмылдыру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері. Педагог топтағы балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады
Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін досыма
Сәлем деймін апайға
Қонақтарға, баршаға!
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қалдарың қалай?
Сұрақ-жауап. жеке сұрақ қою
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын кім біледі?
Қыста ауа-райы қандай болады?
Қыста күн суық. Қыста қар жауады. Қыста күн аяз. Қыста балалар шана тебеді.
Қыста адамдар жылы киініп, шынығу керек, сонымен бірге дәрумендер көп жеуіміз керек.
Жұмбақ жасыру.
Кислое и сладкое
С кожицею гладкою.
Сочное, душистое
С мякотью лучистою.
Людям всем полезно.
Лечит от болезней!
Даже птичкам зябликам
Вкусно. Это ж... (Яблоко.)
Бұл жұмбақтың жауабы: Алма.
Мынау алма. Алмада көптеген дәрумендер бар. Күнделікті адам ағзасына пайдалы дәрумендерді алмадан алуға болады. Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Мен алма жеймін»
Балалардың назарын слайдқа аудару, слайд бойынша жеміс-жидектердің атауларын қайталатады «Жемістер»
Мынау бақ. Бақта жемістер өседі.
Бақта не өседі?
Бақта алма өседі. Бақта алмұрт өседі. Бақта жүзім өседі.
Мынау алма. Қандай алма?
Мынау қызыл алма. Мынау жасыл алма. Мынау сары алма.
Мынау алмұрт. Мынау жүзім. Мынау анар. Мынау өрік.
Екі қолды жұмысқа жұмылдыру.
«Ө» дыбысы және өріктің суретін салу. (Ауада оң қолымен «ө» дыбысын жазады, сол қолымен өріктің суретін салады)
Дыбыстық жаттығу.
-ма-ма-ма- алма
-мін-мін-мін-жеймін
Мен алма жеймін.
-ме-ме-ме-жеме
Мен алмұрт жемеймін.
же-жеме
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Бау-бақшаға барамыз.
Алма, алмұрт, жүзімді
Себетке жинап саламыз.
Тіл дамыту. Суретпен жұмыс. Баланың қандай жеміс жеп тұрғанына көңіл аударады.
— Мынау кім? Мынау — бала.
— Мынау не? Мынау — алма.
Бала не істеді? Бала алма жеді.
Мынау жемістер. Жемістер бақта өседі. Мынау алма. Мынау қызыл алма. Алма тәтті.
Себеттен таңдаған жемісін таңдап алады.
— Сен не жейсің?
— Мен алма жеймін.
— Қандай алма жейсің?
— Мен қызыл алма жеймін.
— Мынау не?
— Мынау алмұрт.
— Сен не жейсің?
Мен алма жеймін. Алма тәтті ме? Алма тәтті.
Мен алмұрт жемеймін.
Ойын: «Ал кеттік» мен... жеймін»
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, алманы шеңбер бойымен, қолдан қолға жіберу, тоқта дегенде...
Мен алма жеймін немесе жемеймін деп жауап беру керек. Жемістің түрін ауыстырып, ойынды жалғастыру.
Кеттік, жеймін, жеймін... тоқта.
Сен не жейсің?
Мен жүзім жеймін. Сен не жейсің?
Мен алма жеймін. Мен алмұрт жеймін. Мен анар жеймін.
Балаларға жеке-жеке ататқызу.
Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы: «Цифрға сәйкес суреттерді қос»
Балалар орындарына отырып, тапсырманы орындайды.
Сөз тіркесін құрастырады: бір алмұрт, екі алма, бес қызанақ...
Екі қызыл алма, үш сары алма, бір жасыл алма.
«Алмалар санамағы»
Бір алма, екі алма, үш алма, төрт,
Бес алма, алты алма, жеті алма—көп!
Қарама-қарсы сөздер.
Көп—аз, үлкен-кішкентай, жақсы-жаман, ақ-қара.
Көп алма-аз алма
Көп анар-аз анар.
Кел, сөйлесейік!
Біздің денсаулығымыз мықты болуы үшін көп дәрумендер жеуіміз керек. Алманың құрамында не бар екен. \дәрумендер\
Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ\
Жарайсыңдар балалар!
Менің сендерге дайындаған тосын сыйым бар. Күнде алма жеп жүріндер. Денсаулықтарына жауапкершілікпен қараңдар. Мұғалім балаларға себетке салынған алмаларды сыйға тартады.
Мақал жатта:
«Денсаулық — зор байлық».
Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл — күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Балаларға мақтау сөздер айтып, сабақты аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жемістердің атауын, түсін ажыратады, «Мен.... жеймін, Мен.... жемеймін» сөйлем үлгілерін меңгереді.
Қандай түсініктерді игерді: жемістердің түсін, санын атайды, сөйлем үлгісін түрлендіре қолдануды игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: нұсқауларды дұрыс орындауды, дәптермен жұмыс істеуге жаттығады.
- 12358 просмотров