9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Тақырыбы: Н.Айтов «Астана — бас қала»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Бажиева Гульмира Алпысбаевна, бастауыш класс мұғалімі, № 68 мектеп-интернат-балабақша кешені, Қарағанды қаласы

Мақсаты:

  1. Астана қаласының ашылу тарихымен таныса отырып, қаланың көшелеріне саяхат жасау.
  2. Еліміздің қалалары жайлы ұғымдары ментанымдарын кеңейте отырып, зеріттеушілік қабілеттерін ояту және ой — өрісін дамыту.
  3. Білікті, ізденімпаз болуға бағыттау.

Қолданылған көрнекі құралдар: Астана қаласының картасы, суреттері, слайдтар.

Сабақтың түрі: интерактивті саяхат — сабақ.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық жағдаят тудыру. Балалар мұғаліммен бірге төмендегі өлең шумағын айтады

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

3. Өткенді қайталау

а) Сұрақ — жауап арқылы бөлімде өтілген тақырыптармен ақын — жазушылар жайлы қысқаша щоу жасау.
ә) тестжұмыстарының қортындысын хабарлау

4. Жаңа сабақ

а) Интерактивті тақта арқылы Астана қаласына саяхатқа шығу:

Есіл өзені
Президенттік мәдени орталық
Конгресс-холл
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Пирамида

ә) Тарихы: 1998 жылы Астана аты берілді 2008 жылы 6 — шілдеде қаланың 10 жылдық мерей тойы болды сол жылы ЮНЕСКО қалаға «Әлем қаласы» деген атақ берді 1991 жылдан бастар әлемінің картасынан орын алды.

б) Картамен жұмыс:

Еліміздің байлықтары дүние бойынша күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден 1-орында, көмір, мыс, никель фосфат, мұнай — 2-орында,алтын өндіруден 3-орында тұр. Осыдан кен байлықтар өндірілетін орталықтар картадан көрсетеді.

Мұнай өндірілетін мемлекеттер картасына кіреді. Мұнай Каспий маңы ойпатында өндіріледі.

5. Оқулықпен жұмыс:

а) Мәтінді тізбектеп оқу. Оқу барысында картадан Есіл өзенің көрсетіп , жаңадан бой түзеген ғимараттарды, кейінгі жылдар салынған мәтінде аты кездескен орталықтарды слайд арқылы көрсету керек.
Жыл сайын 6 — шілдеде «Астана» күні аталып өтіледі.

ә) Мәтіннің мазмұнын тандау. Жарты шарлар картасын Еуразия материгі мен Азия дүние бөлігін көрсетіп, дүние жүзіндегі алып жатқан орнын тапқызу.

6. Дәптермен жұмыс: (Қазақ жерінің табиғатын, кең орындарын, атақты адамдармен топтап жазу)

Таулары: Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу.

Көлдері: Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сарыкөл.

Ағаштары: қарағай, шырша

7. «Қазақстанның пайдалы қазбалары» ойыны

а) Картадағы суреттер арқылы газ, мұнай шығатын жерлерді табу, ғарыш айлаға, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы орындары, Президент ғимараттары, мешіт т.б. тауып көрсету.

ә) Топпен жұмыс: (әр топ жоғарғыда айтылған шаруашылықтар жайлы білетіндерін ортаға салады)

Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен ірі құрылыстарын білесіңдер?

8. Қортынды

Осымен әсем қаланың пайда болып, еліміздің жүрегі атануына себеп болған кім деп ойлайсыңдар? Кімнің еңбегі сіңді?

— Бұл қаланың әрі қарай көркеюіне үлес қосқан кімдер болмақ?

— Астанамыз гүлденіп, іргесі биіктей беру үшін біз қандай үлес қоса аламыз?

1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. Осы Қаулыға орай Президент пен Үкіметтің шешімдерімен мемлекеттік басқару органдарын Ақмола қаласына көшіру жөніндегі комиссия құрылды.

1997 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның жаңа ел орда Астананың халықаралық тұсау кесер өтті.

9. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу, мазмұндау. 83 — беттегі. № 7-тапсырманы орындау. Ана тілі христоматиясынан «Қазақ даласы» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Категория: