9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Тақырыбы «Сөз таптары»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ашимбекова Рысжан Сламғазықызы, бастауыш сынып мұғалімі, 2 санат, Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті «№ 7 орта мектеп» МКМ

Мақсаты:

  1. Білімділігі: Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінетіні жайлы түсінік беру және оларды ажыратып сұрақ қоя білуді меңгерту.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  3. Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, СТО технологиясының тәсілдері

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жалқауланып отырып, Көп пайдадан құр қалма. Қолдан келіп тұрғанда, Кел, балалар, оқылық!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сөз құрамын қайталау. 2-жаттығу: Көп нүктенің орнына мамандықты білдіретін сөздерді теріп жаз. Ол үшін не? Деген сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасына сүйен.

Не?                Кім?
Қой                қойшы
Ұшақ             ұшқыш
Қылқалам    суретші
Машина       жүргізуші
Кітап            жазушы

ІІІ. Өткенді пысықтау

Балалар, не деген сұраққа жауап беріп тұрған қой, ұшақ т. бұлар-сөздер.

— Сөздер неден құралады?

— Дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады.

— Ал, енді екінші бағандағы «кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге назар аударыңдаршы?

— Сөздерге қосымша бөлшектер қосылды және мағынасы өзгерді.

— Ендеше, екі бағандағы сөздерді салыстырып сөз құрамына талдайық.

Бірінші бағандағы сөздерді түбір сөздер дейміз.

— Түбір сөз дегеніміз не?

Екінші бағандағы сөздерге қосымша жалғанып жасалып тұр.

— Қосымша дегеніміз не? Қосымшаның қандай түрлерін білеміз?

— Жұрнақ және жалғау.

— Жұрнақ дегеніміз не? Қойшы, суретші сөздерінің түбірін, қосымшасын тауып талдату. Осындай түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді қандай сөздер деп айтамыз?

— Жалғау дегеніміз не?

(Берілген сөздерге жалғау жалғатып мысал келтірту)

— Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді, бірақ олардың жалғану реті қалай болады?

Сөз құрамына талдау жасау: түбір сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау

(Топтастыру әдісі арқылы ассоциация, яғни өзара түйіндеме жасай біл)

ІҮ.Мақсат қою

— Ал, бүгінгі жаңа сабақта тіліміздегі сөздердің бірнеше сөз таптарына бөлінетінін білетін боламыз.

Ү. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:

Дәптерге күн ретін, тақырыпты жазғызу.

Көркем жазу

1-жаттығуды ауызша талдату. Мұғалімнің түсіндірмесі:

1-жаттығуды ауызша талдату. Мұғалімнің түсіндірмесі

2-жаттығу. Сөздерді оқы. Әр топтағы артық сөзді тауып бөлек жаз. Сөздер тобы қандай сұраққа жауап береді?

Жаңбыр, қарлығаш, отыз, дәптер, орамал
Қызыл, жасыл,үлкен, елу, кең,ұзын
Келді,барды, тоқсан, жүзді,жүгірді

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз:

Айгүл, Сара, сурет, кесте, күйсандық.

4-жаттығу. Өздік жұмыс. Өлеңді жатқа жаз. Хормен оқыту.

Сергіту жаттығуы ретінде айтқызып орындату:

Атам жылқы бағады, Ағам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады, Әпкем киіз қағады.
Тәтем кесте тоқиды, Мұрат сабақ оқиды.

Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

Ол кімнің қимылын іс-әрекетін білдіріп тұрғанын айт.

— Ал, сен не істейсің?

5-жаттығу. Өлеңді оқы. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сөйлем құрастыр: ақ, көк, сары, көріктісің, керемет.

6-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Заттың санын білдіретін сөздерді теріп жазып, сұрақ қой

Мысықтың есту қабілеті адамнан үш есе артық. Оның көзі адамның көзінен алты есе жақсы көреді. Көлбақа өз ғұмырында үш тонна маса жейді екен. Біздің елімізде құстардың төрт жүз жетпістей түрі бар.

ҮІ. Сабақты бекіту

Семантикалық карта арқылы:

Сөздер

Кім?

Не?

Не істеді?

Не қылды?

Қандай?

Қай?

Қанша?

Неше?

1

парта

 

 

 

 

2

келді

 

 

 

 

3

жеті

 

 

 

 

4

қызыл

 

 

 

 

5

ұшқыш

 

 

 

 

6

ұшты

 

 

 

 

ҮІІ. Қорытындылау

«Аққала соғу» ойыны арқылы қорытындылау.

Аққала макетінің артына жазылған сұрақтарға жауап беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 1-жаттығуды дәптерге түзетіп жазып келу. Ереже жаттау

Бағалау

Категория: