Тақырыбы: Туған жерім — Атамекенім
Мая Нұрова, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі № 22 мектеп-гимназия, Астана қаласы |
Мақсаты: Оқушылар бойында өз Отанына, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, ел бірлігін түсінетін, ел игілігіне қызмет ететін ел жанды ұрпақ тәрбиелеу,Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты жобалау технологиясы бойынша.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, ҚР географиялық картасы, интерактивті тақта, Отан туралы нақыл сөздер.
1.Тәрбие сағатының барысы:
— Ұйымдастыру кезеңі.
— Сынып оқушылары 4-топқа бөлінген.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміз Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Туған жерім-Атамекенім» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Өзіңсің Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік қара орманым да,
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,
Өзіңдей ұлан-байтақ дала барында...
Үйге берілген тапсырмалар:
№ |
Тақырыбы |
Тапсырма |
Дайындық түрлері |
1 |
Туған жерім-Атамекенім |
Қазақстанның шекарасы |
Слайд,мәліметтер |
2 |
Туған жерім-Атамекенім |
Қазақстанның төл теңгесі |
Слайд,мәліметтер |
3 |
Туған жерім-Атамекенім |
Қазақстанның табиғаты |
Сурет,слайд,мәліметтер |
4 |
Туған жерім-Атамекенім |
Өлеңдер |
Мәнерлеп оқу |
— Балалар Атамекен-сөзі нені білдіреді?
— Отанды сүю,елжанды болу дегенді қалай түсінесіңдер? (жауаптары тыңдалады).
— Біз қандай мемлекетпіз?
Егемен ел болу үшін не болу шарт?
Оқушылардың жауаптары: Егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.
— Тәуелсіз Республикамыздың саналы азаматы болу үшін не істеуіміз керек? (оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Үйге берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын ортаға салады
1-топ. Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады, жұмыстарын қорғайды. Дайындаған мәліметтер, буклет және суреттеріне шолу жасайды.
2-топ. Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады,жұмыстарын қорғайды.
3-топ.Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады, бұл топтың үй тапсырмасы «Қазақстанның табиғаты» жайлы.Дайындаған мәліметтерін тыңдау.
— Жарайсыңдар, балалар.Бізге көп ақпарат бердіңдер.
4-топ. Өз еліңнің сұлулығын немен жеткізе аласыңдар, жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
1-оқушы: «Менің Республикам» өлеңі.
2-оқушы: «Қазақстан» өлеңі.
3-оқушы: «Туған өлкем».
4-оқушы: «Үш бақытым».
— Балалар, біз бүгін өзіміздің туған еліміз,туған жеріміз, атамекеніміз жөнінде әңгімелеп, олар туралы өзіміздің ойымызды білдірдік.
Сабақ соңында «Атамекен» әнін (әні:Е.Хасанғалиев; сөзі: Қ.Мырзалиев) бүкіл сабақ.
Қатысушылары орнынан тұрып,бірге орындайды.
Тәрбие сағатында С.Мәуленов, М.Мақатаев, Е.Бағаев, Ө.Тұрманжановтың өлеңдері қолданылды.
- 14172 просмотра