Тақырыбы: Зат есім
Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
|
Мақсаты: Зат есімнің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындай отырып, зат есім туралы алған түсініктерін кеңейту. Ой-өрісін, білімін дамыту. Сауатты көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, мадақтау.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
- Дұрыс отыруларын қадағалау.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Зат есім
ІІІ. Үй тапсырмасы:
Сөз таптары.
327-жаттығу. Ұста туралы әңгіме құра.
Сөз таптарын ата?
Адамдарға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?
Зат есім деген не? Мысалдар келтіру.
IV. Жаңа сабақ
328-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерді тап.
Абай — қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім, өнер үйретуге шақырды. Ақын өтірікші, жалқау, мақтаншақтарды жек көрді. Жастардың білімді болуын аңсады.
Зат есімдерге сұрақ қой.
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
329 — жаттығу. Көп нүктенің орнына кім? Сұрағына жауап беретені сөздер тауып жаз.
Үлгі: Дәрігерлер, әншілер, бишілер.
Сергіту сәті:
330-жаттығу. Суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құра. Үлкі, түлкі, бұғы.
331-жаттығу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт. Некілтен кімдер?
Сұрағын қойғанынды дәлелде.
Ұста-ұсталар, зергер-зергерлер, жазушы — жазушылар, дәрігер — дәрігерлер.
V. Сабақты бекіту
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сөздерге сұрақ қой.
Мектеп, оқушы, кітап, құлын, бала, әнші, сырғанақ.
VI. Үйге тапсырма
Зат есім.
332-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра
Оқушыларды мадақтап бағалау.
- 16407 просмотров