Тақырып: «Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин мен жалқы есімдер»
Икбаева Турсун Мажитовна, учитель казахского языка и литературы, высшая категория, КГУ «Школа №10 им. Н.К. Крупской» Северо-Казахстанская область, Петропавловск. |
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы арқылы балалардың білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік-күрделі сөздерді қайталау, жалпы және жалқы есімдерді пысықтау;
Дамытушылық -оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік-жаман қасиеттерден жирендіру, еңбекті, татулық пен достықты бағалауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: қайталау.пысықтау сабағы.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтың және жеке жұмыстар, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, сызбалар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
(1-слайд) Ыбырай Алтынсарин туралы суреттерді слайд арқылы көрсету.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақтың мақсатымен, жүру барысымен таныстыру
I. Қайталау. Білімдерін тексеру. Екі топқа бөлініп, жұмыс жүргізу. (2-слайд)
«А» тобы
1 Тапсырма: Күрделі сөздер сызбасын құр.
«В» тобы
1. Тапсырма: Қала аттарын, кіріккен сөздерді қолданып сөйлемдер құрастырып жаз.
(Бір топ екінші топтың жұмысын бағалайды)
2.Тест. (тапсырма) (3-слайд)
1.Күрделі сөзді көрсет:
а) ел ә) ақылды
б) ата-ана в) айтты
г) Астана
2.Біріккен сөзді көрсет:
а) жолбарыс ә) жүз он бес
б) ПМПИ в) қып-қызыл
г) тарихи
3. Тіркескен сөзді көрсет:
а) Ақбозат ә) мәдениет сарайы
б) жан-жануар в) БҰҰ
г) дәстур
4.Қысқарған сөзді көрсет:
а) Алматы қаласы ә) ата-ана
б) АҚШ в) шеқара
г) бозторғай
5. Қос сөзді көрсет:
а) бара-бара ә) шеқара
б) АҚШ в) он сегіз
г) бүгін
(кілт бойынша тексеру)
II. Жаңа сабақ
1. Мәтінмен жұмыс (4-слайд)
Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Ол 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Орынбор қаласында жеті жылдық орыс-қазақ мектебінде жақсы білім алып шығады.одан әрі Ыбырай өз бетінше көптеген кітаптар оқып, білімін тереңдете түседі.
Ол қазақ балалары оқитын мектептер ашуды армандайды. Сөйтіп, Торғайда,
Ырғызда, т.б.жерлерде мектептер,қолөнер училищесін ашады. Олар үшін көптеген әңгімелер,өлеңдер жазады.
Оның шығармалары еңбекті сүюге, жақсы мінезге, халқын сүюге, анаға сүйіспеншілікке, балаға мейірімге, балалардың ата-ана алдындағы парызын
түсінуге шақырады.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде жастарды оқуға шақырады.
«Өнер-білім бар жұрттар» олеңінде сол кездегі ғылым мен техниканың басты жаңалықтары айтылып, ғылым мен техникасы дамыған өркениетті елдерді үлгі етеді.
«Өзен» өлеңінде табиғаттың әсем көріністерін суреттейді.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде еңбек етуге, зерек болуға шақырады, ал «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде еңбектің бақытқа, жақсы
өмірге жеткізетінін суреттеп жазады. Ы. Алтынсарин 1889 жылы дүние салды.
а) сөздік жұмысы
(бір мезгілде естиміз, жазамыз,қайталаймыз, көреміз)
б).мәтінді оқимыз, тыңдаймыз.
III.Мәтіннің мазмұны бойынша топтық жұмыс
«А» тобы — «Алтынсарин- ағартушы, жазушы»
«В» тобы — «Алтынсарин-ақын» (5-7 м)
Диалог — монолог түрінде айтуға болады, шығармаларының тақырыбы мен идеясын анықтау, жазушының мақсаты қандай екен.
(әр топтың жауаптарын тыңдап, салыстыру, тексеру, бағалау)
IV.Жалқы есімдерді еске түсіру
(дәптерге жазу)
Жалқы есімдердің негізгі түрлері:
1. Адамның аты-жөні: Мұхтар Әуезов, Құрманғазы....
2. Географиалық, астраномиалық атаулар: Орта Азия, Астана...
3. Газет, журнал, кітап, ән, күй аттары: «Қазақ әдебиеті», «Балдырған»....
4. Мекеме, ұйым, қоғам, өндіріс аттары «Қазақ тілі» қоғамы ..
5. Мал мен хайуанаттарға қойылған аттар: Тарлан, Құлагер т.б.
Тапсырма. Кестені толтырыңдар.
«А» тобына
№ 1 |
Түрлері |
Жалпы есім |
Жалқы есім |
Деректі |
Дерексіз |
Негізгі |
Туынды |
Дара |
Күрделі |
2. |
әке |
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Ыбырай Алтынсарин |
|
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Құлагер |
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Жамбыл көшесі |
|
|
|
|
|
|
|
|
6. |
Кел, балалар, оқылық! |
|
|
|
|
|
|
|
|
7. |
қайғы |
|
|
|
|
|
|
|
|
«В» тобына
№ 1 |
Түрлері |
Жалпы есім |
Жалқы есім |
Деректі |
Дерексіз |
Негізгі |
Туынды |
Дара |
Күрделі |
2. |
бала |
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Құрманғазы |
|
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Тарлан |
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Абай көшесі |
|
|
|
|
|
|
|
|
6. |
Асан мен Үсен |
|
|
|
|
|
|
|
|
7. |
тау |
|
|
|
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасы: 163-бет сұрақтар бойынша диалог құрастыру.
- 15389 просмотров