Тақырып: «Төлегеннің Жібекті іздеуі» (8 сынып, ашық сабақ)
Икбаева Турсун Мажитовна, учитель казахского языка и литературы, высшая категория, КГУ «Школа №10 им. Н.К. Крупской» Северо-Казахстанская область, Петропавловск. |
Сабақтың тақырыбы: «Төлегеннің Жібекті іздеуі»
Сабақты мақсаты: 1. Білімділік: Лиро — эпостық туралы ұғым беру.
Жырдағы халық арманы, махаббат, достық, ескі салт мәселерін көрсету.
2. Дамытушылық: Жырды түсіне ұғып, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік, имандылық, мейірімділік, нәзік сезім қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу.
Сабақтың әдісі: ж/ң композиц жоспары, сұрақ-жауап, инсценировка құру,
Жібектің портретін жасау.
Сабақтың барысы:
«Қыз Жібек» деген операны тыңдаймыз және х/әртісі К.Байсеиітованың портретін теледидардан көрсетеміз.
I. Сұрақтар:
1. Біз қандай операны тыңдадық? — «Қыз Жібек».
2. Операны кім жазды? Операны сазгер Е. Брусиловский жазды.
3. Қай шығарма бойынша жазды?
Ғ. Мүсіреповтың пьесасы бойынша, Е.Брусиловский операны жазды.
4. Қыз Жібектің бейнесін ең бірінші кім жасады?
— Х/ әртісі Күляш Байсейітова
5. Ғ. Мүсрепов өз пьесасын қай шыгарма бойынша жазды.
— «Қыз Жібек» жыры бойынша.
Балалар, бүгінгі сабақтың такырыбы: («Қыз Жібек жыры»). «Төлегеннің Жібекті іздеуі»
«Ғасырлар бойы жырлаган махаббат».
Сабақты мақсаты: Екі жас адамның нәзік ішкі сезімін, олардың таза махаббатың көрсету «Қыз Жібек жырының тақырыбы, композ, жырдағы Жібектің портретің жасау, зерттеу жұмысын жүргізу.
Сұрақтар:
1. «Қыз Жібек» жыры, жырлардың қай түріне жатады? Неге?
— «Қыз Жібек» — лиро-эпостық жырларына жатады.
Себебі; Біріншіден: 1 басты тақырыбы; махаббат. Төлеген мен Жібек бірін — бірі сүйген ғашықтар.
2. Тұрмыс-салт, ертедегі салт-дәстүр, қарым-қатыныс, әдет-ғұрып кенінен көрініс тапқан.
Мысалы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының драмалық негізінде «еже-қабыл» салт жатыр. «Қыз Жібек» дастанының әмеңгерлік (левират) салтына құрылган.
3. Көркем кейіпкерлері шыншыл түрде суреттеледі «Қыз Жібек» жыры өмірдегі шын оқиғадан тұрған.
4. Жырлар әдебиеттің қай бөліміне жатады? Неге? Х.А.Ә. — себебі: ауызша тараған, көп нұсқалы, авторы жоқ.
II. Қазір, балалар, Қыз Жібектің композициясына көңіл аударайық. (Комп. құрылысын қ/у)
1. Оқиғаның басталуы. «Қыз Жібек» неше бөлімнен тұрады?
2. Оқиғаның байланысы. –екі-
3. Оқиғаның дамуы. Ι.Төлеге мен Жібек жайы суреттеледі
4. Оқиғаның шарықтау шегі. ΙΙ. Сансызбай мен Жібек
5. Оқиғаның шешімі.
Жоспар
1. Төлегеннің өмірге келуі
2. Төлегеннің өзіне сүйікті жар іздеуі.
3. Ақжайыққа келуі. Жібекті кездестіру.
4. Төлегеннің өлімі.
5. Бекежанның ажалы
Біз, балалар, бағдарлама бойынша пунктарға тоқталамыз.
-1-3-
Қазір, балалар, кім маған Төлегеннің өмірге қалай келгенің, Төлегеннің Жібек жөніңде естіген хабарын қысқаша мазмұндап береді.
— Баяғы өткен заманда Жалғабайлы ел болыпты, Базарбай деген бай болыпты. Оның үш әйелі, тоғыз ұлы болыпты. Ауылға оба ауруы келгенде тоғыз бала өліпті. Содан Базарбайдың қартайған шағында кіші әйелі періште сипатты Төлеген деген ұл туады. Тоғыз жыл өткесін Төлегеннің анасы тағы бір ұл туыпты, оның атын Сансызбай деп койыпты. Төлеген, ақылына сымбаты сай керім жігіт болып өседі Төлеген өз елінде еш бір қызды жаратпай өзіне суйікті жар іздейді. Сол кезде бұлардын ауылына (еліне) бір саудагер келіп, Ақжайықтың бойында көп сұлу қыздар бар екенін айтады. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, Төлегеннің қыз іздеуге көңілі кетеді.
ΙΙΙ.Төлегенге кім келіп жолығады, қай мақсатпен? Қаршыға кім?
(Балалар инсценировка жасайды)
(Автор-Қаршыға-Төлеген)
Сұрақтар:
1. Балалар Төлеген Жібекті бірден көрді ме? — Жоқ
Қыз Жібек еліне келсе, елі көшіп кетеді Төлеген жолда қандай бөгеттерге кездеседі?
2. Жолда неше көшке жолығады? 12 көшке. Қыздары қандай? 12 көштің сән-салты суреттеледі.
3. Неге жыршы-ақын Төлегенге бірден көрсетпейді?
Сырттай ғашық болып келген Төлегенге Жібектің сұлулығын көрсету үшін, жыршы-ақын бірден Жібекті көрсетпей оның басқа кыздардан артық екендігін көрсету үшін, қалың көшке кездестіріп, әр көшті бастап бара жатқан сұлу қыздарды бірінен соң бірін өткізеді.
— Көш басындағы Қыздардың сұлулыгы, бірінен-бірі асып түсуі-қазақ фольклорындағы ең әсем, ең әсерлі суреттердің бірі. Төлеген таңқалып, бұл қыздар мынадай сұлу болганда, Қыз Жібек қандай деп, оны көруге, кездесуге бұрынгыдан асыға, ынтыға түседі.
ΙV Карточкамен жұмыс (карточкалары партада жатады)
Ι Қатарға
Мына өлең жолдарын теңеулерді табындар.
Толған айдай толыксып,
Ақ сазандай бұлақсып
Бұралып кетіп барады:
ΙΙ Қатарға. жырдағы кездесетін салт-дәстүрін ата. Сіздерге қандай дәстүр ұнады?
1. Төлеген Жібекке қалай кездеседі? 21к/б.
Балалар қалай ойласындар, неге Жібек мінез көрсетеді?
— Себебі: 1 -ден Ол ханның көп ұлдың ішінде ерелеп өскен қыз. -ерке, көп жігіттердің қолы жетпеген қыз, тәкаппар. Әдемі, сұлу, ерке болып өскен өзін жоғары ұстайды.
V Қыз Жібектің сұлулығына назар аударайық
1. Мәнерлеп оқу
2. Аудару, салыстыру
3. Осы жыр жолдарынан теңеулерді табыңдар
4. Жібектің портретін жасау
Портрет деген не?
Портрет — шығармадағы кейіпкерлердің сырт пішіні, түр-түсі, кескін-келбеті, бай тұлғасын жүріс-тұрысын суреттеу.
Портретом в литературном произведении изображается внешность героя, его лица, фигуры, одежды, манеры держатся
Сөздер: кұрмет — достоинство
Жиһан — мир
2–3 минут операны жіберу.
Қыз Жібектің бейнесін жасаған суреттерді көрсету.
Басқа суреттермен салыстыру. (көрсету)
Жібек қалай суреттелген? Әдемі, сұлу. Өзі қандай әдемі, болды, сондай оның махаббаты да әдемі, нәзік, шын. (Суреттерді көрсету).
VΙ Екі ғашықтықтың махаббатына көңіл аударайық
Махаббат суреттелген жолддарын жазып балаларға тарату.
Сұрақтар:
Осы жырдың жолдарын оқып не айтуға болады? дәлелдеңдер.
Бір кездегі тәкаппар Жібек енді Төлегенді көрмесе, тұра алмайтын болады. Төлеген Қыз Жібекті көріп көңілі толады. Екі жас бір-бірін ұнатып қосылады да, аз уақыт кызык дәурен сүреді(Жатқа үзінд.)
1. Ескі салты бұзады, Төлегенге өзі келеді.
2. Әсіреулер, қыздың сырт келбетін ғана емес, ішкі сезімін білдіреді (зеректігін)
VΙΙ Тапсырма: Жырдағы ең басты кейіпкерлерге сипаттама жазыңдар
I. Төлеген
II. Қыз жібек
VΙΙΙ «Қыз Жібек» кинофильмінің сценарийін кім жазды?
(Жазушы-драматург Ғ. Мүсірепов).Фильм қалай аяқталады?
«Қыз Жібек» бейнесіне жазушылар, сазгерлер, суретшілер көңіл неге аударған?
— Осында тамаша махаббат суреттелген. Адамның мөлдір махаббаты, нәзік, сұлу сезім көрсетілген. Ансаған ашық журегінңің шерін, лүпілін будан артық қалай беруге болады? Осындай көркем бейнемен керемет картина жасаған Жібек образы ұмытылмас, көзбен көріп, қолмен ұстағандай айқын да жайқын бейне!
Махаббат бар жерде-жақсылық бар, асылдық, сезім көтеріңкі әрқашан. Сондықтан өмірде, көркемөнерде махаббат үлкен орын алады: Жақсы көретін кісі тек қана талап ете бермейді, өзі көп жақсылық істейді. Және өмірде әдебиет, мәдениет, өнер тығыз байланысты. Махаббат еліне, досына, отбасына, Отанына.
IХ Бағалау. Ү/тапсырмасы: эссе жазу
- 17475 просмотров