«Таным» білім беру саласы бойынша өткізілген ашық сабақ
Шаяхметова Акбаян Абуевна воспитатель, вторая категория, стаж 9 лет. Коммунальное государственное казенное предприятие «Ясли-сад «Ботагоз» акимата города Шахтинска отдела образования города Шахтинска. Казахстан, Карагандинская область, город Шахтинск |
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Біз табиғаттың досымыз»
Мақсаты: Балаларды табиғатқа деген қамқорлыққа, сүйіспеншілікке үйрету.
Білімділік міндеті: Балаларға өсімдіктердің әртүрлі болатындығы туралы, өсуі, тұқымы туралы түснік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжирбие жасау, қортындысын шығару.
Дамытушылық міңдеті: Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенімділік тудыру, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міңдеті: Табиғатты аялауға, өсімдіктерге қамқор болуға, өз жұмыстарын тиянақты баппен орындауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды, жүзіміз
Қайырлы таң балалар!
— Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көп апайлар қонаққа келген екен, қане осы қонақтармен амандасып алайық. (Балалар амандасады) Енді оқу іс-әрекетімізді бастайық, бүгінгі күнді белгілеп аламыз.
— Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
— Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш)
— Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады? (Бәйшешек)
Осы кезде экран қосылып, балалар экранға назар аударады. Экраннан ақылды үкі сөйлейді:
— Құрметті балалар мен сендерді орманға шақырамын, орманға көктем жетті, сендердің көмектерің керек асығындар!
Ал, балалар орманға бармас бұрын біз орман тәртібін еске түсірейік, ол үшін бізге «иә, жоқ» ойыны көмектеседі.
Ойын ойналады, ойыннан соң біз орманға жетеміз.
Орман қыстан жиналмаған екен, балалар ормандағы қоқысты жинайды.
(қоқыстар, шишка, ағаш шырпылары, қағаздар)
Орманда көктем шығыпты, ағаштар көктеп, ағып жатқан су, өсіп тұрған бәйшешектер, әдемілікке көңіл аударамыз.
Орманды аралап үйілген топрақты табамыз, балалардың көңілін топраққа аударту: — Балалар, қараңдаршы мына топрақты бізге арнап қойған сияқты кәне жақынырақ көрейік.
Екі түрлі топырақ жатады, балалар топрақты салыстырады, ұстап көреді
— Топырақ қандай? (бірі жұмсақ, екіншісі қатты)
— Топырақ не үшін қажет?(өсімдік отырғызу үшін)
— Ал, бізге қай түрі керек деп ойлайсындар? (Жұмсағы)
Дұрыс айтасыңдар, олай болса осы жұмсақ топрақты тобымызға ала қайтайық.
(Топта үстел үстінде өсімдік отырғызуға арналған ыдыс, құралдар дайын тұрады). Балалар мына ыдыс пен құралдар не үшін керек деп ойлайсындар? (өсімдік отырғызу үшін)
— Олай болса, кәне есімізге түсірейік, біз сендермен осыдан бұрын ненің дәндерін көріп едік? (бұршақ пен фасольдің)
Дұрыс айтасындар, біз оларды сулы шүберек арасына салып бақылап отырдық, одан не шықты? (тамыры)
Ендеше, қазір біз сендермен осы бақылап мәпелеп өсірген бұршақ пен фасольді арнаулы ыдысқа отырғызамыз.
Балалар жұмыс жасайды, балалардын жұмыстарын қадағалаймыз.
(Балаларға көрсетемін, түсіндіріп айтамын).
Жұмыс аяқталған соң балалардың көңілін тағы да экранға аударамын.
Балалар, сендер жаңа өсімдікті топраққа отырғыздындар, ал осы өсімдіктер қалай топырақты жарып шығатынын көргілерің келе ме?
Олай болса, экранға назар аударайық.
Балалар көреді қызықтайды.
Енді балаларды шығармашылық орталыққа шақырып, жердің суретін көрсетіп, жерге сыйлық сыйлауды ұсынамын. Сыйлықты жаңағы орманнан жинап алған қоқыс қағаздардан, әр түрлді гүлдер, көбелектер жасап жердің айналасына іліп орналастырамыз.
Рефлексия:
Балалар, ал кәне бүгінгі сабағымыз қалай өтті деп ойлайсындар?
Біз қайда бардық?
Не істедік?
Не отырғыздық?
Табиғатққа қандай қамқорлық жасадық?
Балалар жауаптары талқыланады, өз ойларын айтады. Қоңақтармен қоштасамыз.
- 17656 просмотров