Опубликовано 28.11.2016 - 10:01 пользователем Editor
Кембридж тәсілі бойынша оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолданудың тиімділігін мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта 9 сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспар бойынша үшінші сабағым «Шешендік сөздер» тақырыбында өткен болатын. Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздер, би-шешендер туралы мағлұмат беру.