Опубликовано 21.11.2013 - 09:44 пользователем Editor
Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздардың алатын орны ерекше. Бүгінде білім беру саласында оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін меңгермейінше, сауатты, жан — жақты болу мүмкін емес. Оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.