Опубликовано 16.11.2015 - 10:15 пользователем Editor
Осы оқу — әрекетінің негізгі мақсаты туған жерінің тарихын, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет — ғұрпын насихаттауға бағытталған. Оқу — әрекетінің ерекшелігі қолданылған әдіс-тәсілдердің әртүрлілігінде. Ал өзектілігі мен жаңашылдығы қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар мен методикаларды қолдануға негізделген. Ата-бабамыздан қалған асыл мұраны, салт-дәстүрлерді құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді.
Опубликовано 12.02.2013 - 16:25 пользователем Editor
Күй — домбыра кеудесіндегі жаңғырған жан дауысы. Ақындық зор шабытпен сипаттаған, баяндаған өмір көрінісі. Соның бірі қуаныш — ренішке ғана, саяды. Ал қуаныш, реніш — өмір күресіндегі алапат сезім арпаласы. Оны М. Әуезовтың сөзі мен айтқанда: «Жалпы музыка атаулы нәрсе, елдің сезім байлығы мен ішкі жатылыс қалпын білдірсе, солардың ішінде ең толғаулы, ең терең сырлысы — күй» — дегенге тіреледі.