Опубликовано 12.02.2018 - 10:17 пользователем азбука.kz
Қазақстан Республикасы — инновациялық даму бағытындағы ел. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді.Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі. Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі — оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Осы мақасатта 4 сыныпқа арналған «Қызықты математика» факультативтік курстың бағдарламасы жасалды.