9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Тоғызқұмалақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік жарыс

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебі, дене шынықтыру мұғалімі Айсина Нұргүл Бауыржанқызы

Айсина Нұргүл Бауыржанқызы

Мақсаты:

1. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ» туралы түсінік беру.
2. Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы жеке тұлға қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін дамыту.
3. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың тапқырлық және іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Өтетін орыны: Спорт залы

Құрал-жабдық: тоғызқұмалақ тақтасы

1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

Жарысымыздың қорытындысын әділ бағалап отыратын әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

2. Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылады. Бүгінгі өтетін жарысымыздың ҚР тәуелсіздігіне арналғаны туралы айта кету.

3. Мемлекеттік әнұран орындалады.

2. Жарыстың шарты

1. Сәлемдесу.
2. Ұлттық ойын туралы қысқаша мағлұмат беру.
3. «Тоғызқұмалақ» ойынының ережесін естеріне салу.
4. Қорытындылау.
5. Марапаттау.

Қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойының «Қойшылар алгебрасы» деп атауға болады. Өйткені бұл ойынды алғашында қойшылар қойларын өріске жіберіп, жерден шұңқырлар қазып, қойлардың құмалақтарымен осы ойынды ойнаған. Өте қызық бұл ойын тез есептеуге әрі терең ойлауды талап етеді. Ата — бабаларымыздан мұрағат болып осы күнге жеткен бұл ойынды Абай атамыз өте ұнатқан.

Тоғызқұмалақты екі ойыншы ойнайды. Әр отаудың өз атауы бар:

1. Таңдық
2. Көшпем
3. Атөтпес
4. Атсұратар
5. Бел
6. Белбасар
7. Қоңдық ақпан
8. Көксойын
9. Маңдай

Жалпы 162 — сүйек тастар

1 ұяда — 9 сүйек тас.

3. Жарыстың өту кезеңі

1 кезең
1 топ 2 топ
1. № 1 оқушы                1. № 1 оқушы
2. № 2 оқушы                2. № 2 оқушы
3. № 3 оқушы                3. № 3 оқушы

1. № 1 — № 2               1. № 1 — № 2
2. № 2 — № 3               2. № 2 — № 3
3. № 1- № 3                  3. № 1 — № 3

1. Жеңімпаз № 1           1. жеңімпаз № 2
2. жеңімпаз № 3            2. жеңімпаз № 2
3. жеңімпаз № 1            3. жеңімпаз № 3

2 кезең
1 орын № 1                   1 орын № 2
2 орын № 3                   2 орын № 3
3 орын № 2                   3 орын № 1

3 кезең 1-2 топ қарсыластары
№ 1 — № 2
№ 3 — № 3
№ 2 — № 1

Жалпы қорытынды.
1 орын — № 2
2 орын — № 1
3 орын — № 3
4 орын — № 3
5 орын — № 2
6 орын — № 1

Мақтау қағаздарымен марпаттау.